Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
сентябрь
2021

Бимбетова Роза Жаксыбекқызы

Бимбетова Роза Жаксыбекқызы 2006 жылы маусым айында Шымкент қаласы Қ.А.Ясауи Халықаралық Қазақ түрік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтап, жоғарыда аталған мектепте 1998 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен дәріс береді. Келер ұрпаққа талмай жаңашылдық үрдіспен еңбек етіп келеді.
Оқушы мұғалімнің оқытумен айналасындағы әлемді танып, жаңа білім есігін ашады. Мұғалім оқушының азаматтық, адамгершілік, зияткерлік көзқарастарының қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Ұстаз ойларының идеялық құндылығы білім беру саласы бүгінгідей инновациялық деңгейге көтерілген кезеңде де маңыздылығын жоғалтпай отыр.
Бимбетова Роза Жаксыбекқызы 2009 жылы қазан айында «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру «ҮӘЖ» орталығы жекеменшік мекемесінде білімін жетілдіріп, МАНПО академигі Ж.Қараевтың оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының 1, 2-деңгейлі сынақтан өтті. Нәтижесінде қазақ тілі пәнінен 7-сыныпқа арналған жұмыс дәптері дайындалды. Қалалық білім басқармасының 2011 жылы 25 қарашадағы әдістемелік кеңесінің қаулысымен қала көлемінде таратылды.
2011 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен «Деңгейлеп оқыту – оқушы дарындылығын дамытудың жаңа формасы» тақырыбында өткізілген қалалық семинарда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жоғары дәрежеде құнды ашық сабақ көрсеткені үшін мақтау қағазымен марапатталды.
Қалалық білім бөлімі «Жас ұрпаққа берген өнеге, тәлім-тәрбие сапалы білім беруде халықаралық, республикалық, қалалық байқаулар мен қалалық пән олимпиадасында жеңімпаз шәкірттер дайындағаны үшін» мақтау қағазымен марапатталды, 2012 жыл.
Қалалық білім басқармасы «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай көп жылғы еңбек жолындағы жас ұрпаққа берген өнеге, тәлім-тәрбие, ұстаздық шеберліктері үшін және сапалы білім берудегі оң табыстары үшін мақтау қағазымен марапатталды.
«Мұғалім және қоғам» республикалық педагогикалық-әдістемелік журналда «Үш өлшемді әдістемелік жүйе – тиімді тәсілдердің бірі» сабағы жарық көрді, №5, 2012 қыркүйек-қазан.
«Жұлдызды талант – Звездный талант» ІІ-ші Республикалық оқушылар фестиваліне атсалысқаны және жасөспірімдерге тәрбие беру ісіне сіңірген еңбегі үшін мақтау қағазымен марапатталды, 2013 жыл.
ОҚО Шымкент қаласы, «Етістіктің райларын қайталау» тақырыбы бойынша дайындаған сабағының электрондық нұсқасы «Ашық сабақтар» WEB сайтында жарияланды.
«Қазақ тілі мен жаратылыстану пәндерін оқытудағы функционалдық сауаттылық негізін қалыптастыру» 11-сынып оқушыларына арналған әдістемелік құрал, Бимбетова Р, Калауова Г., 2015 жыл.
ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы «Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің 2015 жылғы облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің гуманитарлық пәндер секция отырысында құнды баяндама жасап, белсенділік танытқаны үшін» мақтау қағазымен марапатталды, 2015 жыл.
Қалалық білім бөлімі «Мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа білім және тәрбие беру ісінде биік жетістіктерге қол жеткізіп, оны жетілдірудегі шығармашылық ізденістері мен еселі еңбегі үшін» мақтау қағазымен марапаталды, 2016 жыл.
Республикалық «Білім шыңы – Ғылым сыры» журналының редакциясы ұйымдастырған «Жылдың үздік 100 мұғалімі» жобасына қатысушы «Жылдың үздік мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды, 2016 жыл 04 қыркүйектегі №012 шешімі бойынша. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Жылдың үздік 100 мұғалімі» жобасына қатысып, ұсынған озық іс-тәжірибесі «Жылдың үздік сабағы» жинақ кітабына енгізіліп мақтау қағазымен марапатталды.
«www.nio.kz» Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасына жеңімпаз оқушылар дайындап, жас ұрпақтың интеллектуалдық дамуына, білімін шыңдауына ықпал еткені үшін мақтау қағазымен марапатталды, 2017 жыл.
«Мың бала» жобасы аясында өткен «Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру –мемлекеттің және жеке тұлғаның даму факторы» тақырыбындағы облыстық семинардың жоғары деңгейде өтуіне қосқан зор үлесі үшін мақтау қағазымен марапатталды, 2017 жыл.
«ІІІ Дәрежелі Оқушылардың Кіші Ғылым Академиясының облыстық сырттай байқауына тіл білімі секциясы бойынша қатысып, жүлделі орынға ие болғаны үшін мақтау қағазымен марапатталды, 8 сынып оқушысы Каирбекова Диана, ғылыми жетекшісі Бимбетова Роза» 2018 жыл.
«Мектеп оқушылары арасында өткен республикалық «ШАМШЫРАҚ» зияткерлік олимпиадасында шәкірті жүлделі орынға ие болып, жас ұрпақ бойындағы шығармашылық қабілетін арттыруға үлес қосқаны үшін мақтау қағазымен марапатталды, 2020 жыл.
«Дарын» орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған кітап оқу байқауының жүлдегерлері Жанибек Жанель, Әділбек Сымбат, Иса Әсел, Жолдасбекова Назерке ІІІ дәрежелі алғыс хат, Шымкент 2020 жыл. «Дарын» орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған кітап оқу байқауының жеңімпаздарын дайындағаны үшін алғыс хат, Шымкент 2020 жыл.
«Дарын» орталығы ұйымдастырған 9-10 сынып оқушылары арасында өтілген атом энергетикасы станциясына байланысты тақырыптарға эссе жазу байқауының жеңімпазы 10 ә сынып оқушысы Жұмабек Ерасыл ІІ диплом, Шымкент 2020 жыл.
М.Х.Дулати Тараз өңірлік университеті «Жас дарын» ХІІІ Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағына 15 қараша 2020 ж. филология секциясы қорытындысы бойынша «Абай – қазақтың маңдайына біткен рухани тұлға» тақырыбындағы ғылыми жобасы еніп, Каирбекова Диана І орын диплом, ғылыми жетекшісі де марапатталды.
«Дарын» орталығы ұйымдастырған олимпиаданың ІІ кезеңіне өткен 10 ә сынып оқушысы Оразбай Дана мақтау қағазымен марапатталды.
«Дарын» орталығы ұйымдастырған 10-11 сынып оқушыларына арналған «Қазақ тілі – мәңгілік тіл» атты қалалық ғылыми жоба байқауының жүлдегері 11 а сынып оқушысы Иса Әсел ІІІ орын дипломмен марапатталды, Шымкент 2021жыл.
11 а сынып оқушылары Иса Әсел мен Алтынбекқызы Сая жетекшісі Бимбетова Роза «Ай мен Ханшайым» ертегісі балаларға арналған (авторы Иса Әсел, суретшісі Алтынбекқызы Сая, бас редактор Иса Әсел, мәтінмен жұмыс жасаған Бимбетова Роза ертегінің 100 данасы жарық көрді. Мектеп кітапханасына 10 данасы сыйға берілді, балаларға кітап қорымен толықты.
10 ә сынып оқушысы Жұмабек Ерасылдың «Қазақ тілі – мәңгілік тіл» эссесі «Білім-шыңы» журналында «Шәкірт шығармашылығы» айдарында жарық көрді, мамыр 2021 жыл. Жетекшісі Бимбетова Роза.
«Білім -шыңы» үздік сабақ жоспары «Марат Қабанбаев «Бауыр» әңгімесі 5-сынып тамыз айында жарық көрді, 2021 жыл.
«Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен және мақтау қағазымен марапатталды, 2021 жыл.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив