Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2022

Уайсова Асем Койшимановна

Уайсова Асем Койшимановна
Қызметі: Мектеп алды даярлық топ мұғалімі,тәрбиешісі
Бітірген оқу орны: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты
МамандығыМектепке дейінгі оқытумен тәрбиенің педагогикасы және әдістемесі
Ғылыми дәрежесі: 7МО1310-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы және білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Жалпы жұмыс өтілі: 14 жыл
Осы еңбек ұжымындағы еңбек өтілі: 7 жыл
Курстар: 
1. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлекси»  жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша 100 академиялық сағат көлеміндегі мектепішілік курсын аяқтап куәлік алды, 2018 жыл.

2. Балалардың мектеп алды даярлығы бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтағаны жөнінде сертификат, 2021 жыл.
Марапаттары:
  •  Қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, білім саласында тапжылмай еңбек еткені үшін Шымкент қаласы білім бөлімінің басшысының алғыс хаты, 2017 жыл.
  •  Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-ана мен ұстаздар бірлігін сақтап және ұстаздық ұлағатын ұйымдастырушылық қабілетімен ұштастыра отырып, жеткен оң табыстары үшін Шымкент қаласы білім бөлімінің басшысының мадақтама қағазымен марапатталды, 2017 жыл.
  •  «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мұғалімнің педагогикалық шеберлігін дамытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияда құнды баяндама жасап, өз тәжірибесін жоғары дәрежеде көрсеткені үшін Шымкент қаласы білім бөлімінің мадақтама қағазымен марапатталды,  2018 жыл.
  •  ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері Martebe.kz білім порталында педагогикалық шеберлікті шыңдау мақсатында ұйымдастырылған II Республикалық «Жас маман» байқауына қатысып, біліктілігімен ерекше көзге түскені үшін құрмет грамотасымен марапатталды, 2018 жыл.
  •  ПОНИ Халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін дипломмен марапатталды, 2018-2019  оқу жылы.
  •  Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған IV Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасының қорытынды кезең нәтижесі бойынша жүлдегер атанып, III дәрежелі дипломмен марапатталды, 2021 жыл.
  •   «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Облыстық «Үздік тәрбиеші» тәрбиешілер арасындағы онлайн олимпиадасының жеңімпазы атанып, I дәрежелі дипломмен марапатталды, 2021 жыл.
  •  КИО.KZ – Қазақстандық интеллектуалды олимпиадалар сайтының ұйымдастыруымен, педагогтардың білімін тексеру мен біліктілігін арттыру мақсатында өткен республикалық интеллектуалды «Кемеңгер ұстаз» жүлдегері атанып, III дәрежелі дипломмен марапатталды, 2021 жыл.
  •  Vpo.kz   сайты тәрбиешілер арасында ұйымдастырған Республикалық виртуалды-олимпиада жүлдегері атанып, I дәрежелі дипломмен марапатталды, 2021 жыл.
  •  Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар орталығы оқушылар арасындағы республикалық олимпиадалар жеңімпаздарын дайындағаны үшін грамота иеленді, 2021 жыл.
  •  Республикалық ақпараттық, ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газеті мен «www.bilimainasy.kz» сайтының ұйымдастыруымен өткен «Менің тәжірибем» байқауында көрсеткен шығармашылық еңбегі үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды, 2021 жыл.
Мұғалімнің шығармашылық тақырыбы: "Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру".
Мұғалімнің тұлғалық сипаты:
       Қазіргі кезде баршамызды толғандыратын өзекті мәселелердің ең бастысы – еліміздің болашағы. Ал болашақ өсіп келе жатқан жас ұрпақтың қолында. Осы ұрпақты білім нәрімен сусындатып, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелейтін – ұстаз. 
      Орыс педагогы К. Ушинскии айтқандай қазіргі заман талабына сай әр мұғалім жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді күнделікті өз сабағында пайдаланса, сабақ тартымды, мәнді, қонымды өтетіні, балалардың білуге деген  қызығушылығын, талпынысын арттырары сөзсіз. Сабақты қызықты өткізудің бірден-бір тиімді әдіс-тәсілдері сабақта ойын, сайыс, диалог, топтық жүйеде оқыту түрлерін қолдану. Мұндай сабақ барысында балалардың қызығушылығы артып қана қоймай балалар ұйымшылдыққа, топпен жұмыс барысында бір-біріне деген жолдастық қарым-қатынасы артып, топтың өзге мүшелеріне бар ынта-жігерімен көмектесіп, үйретуге талпынады. Мұнымен қоймай балалардың коммуникативтік дағдылары қалыптасып, танымдық және әлеуметтік мотивтері, білім алуға деген қызығушылығы, бәсекеге қабілетті болуға деген талпынысы артады. Сайыс, ойын әдіс-тәсілдері балаларды қасындағы өзге балалармен бірлесе әрекет ету және байланысқа түсу, өз мінез-құлқын дұрыс және сәйкесінше ұстауға үйретеді.
Теги:
Асем
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив