Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сентябрь
2021

Пралиева Мадина

Мұғалімнің аты – жөні: Пралиева Мадина Кенжебековна
Жұмыс орны: №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Бітірген оқу орны: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Білімі: жоғары
Жалпы еңбек өтілі: 20 жыл
Педагогикалық еңбек өтілі: 20 жыл
Осы ұжымдағы еңбек өтілі: 18 жыл
Санаты: екінші санат
Мамандығы:Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі
Шығармашылық тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары


Жетістіктер:
1. Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту. Сертификат
2. Ubtest.rz сайты «Үздік педагог» олимпиядасы. І Дәрежелі Диплом
3. «Педагогикалық шеберлік орталығы» Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде.Сертификат
4. «Самғау»Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау республикалық орталығы.Сертификат

Баспа: Республикалық Оқу-әдістемелік журналы «Болашаққа саяхат»

Оқушылар жетістігі.
Қатысқан байқаулары:

1. Тулибай Бағдаулет Даулетұлы «Жас математик» І Республикалық Зияткерлік Олимпиядасы І дәрежелі Диплом
2. Қауымбек Ұлжалғас Олжасқызы «Бәйтерек» Республикалық Зияткерлік Олимпиядасы І -орын Диплом
3. Аргенбаев Өмірхан Сабитұлы «Жас математик» І Республикалық Зияткерлік Олимпиядасы І дәрежелі Диплом
4. Жақсыбай Диас Русланұлы «Жас математик» І Республикалық Зияткерлік Олимпиядасы І дәрежелі Диплом
5. 5 Тулибай Бағдаулет Даулетұлы Ubtest.rz сайты математика пәнінен олимпияда І дәрежелі Диплом

Ұстаз - ұлы есім

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
[i][/i]



«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив