Мұғалімнің аты жөні: Аманова Салтанат Длдабековна Жұмыс орны: №62Нәзір Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Бітірген оқу орны: Отырар университеті, АӘИУ Білімі: жоғары Жалпы еңбек өтелі:14 жыл Педагогикалық еңбек өтелі:14 жыл Санаты: екінші, педагог-сарапшы Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі Курстар: Қазақстан Республикасы білім және ғылым минестірлігі «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттықорталығы «Бастауыш сынып (1-4 сыныптар»мұғалімдерінің «Математика», «Қазақ тілі»және «Әдебиеттік оқу»пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарынан өттім. Марапаттары: 1.Жалпы орта,техникалық және кәсәптәк білім беру ұйымдары бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық кәсіби біліктілігін арттыру және дамыту мақсатында өткізілген «Бастауыш сынып мұғалімдер олемпиадасынан» қалалық олемпиададан ІІ дәрежелі диплом 2021 жыл 2. Қазақстан Республикасы оқу –ағарту минестірлігі «Өрлеу»БАҰО АҚФ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» Мемлекетіміздің рухани әлеуетін нығайту мен білім беру сапасын арттыру саясатын жүзеге асыруда кәсіби жаңашылдығы,үздіксіз ізденімпаздығы және жоғары нәтижелері үшін марапат 2022 жыл 3.Алматы қаласы Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық мерзімді баспасөз басылымы «Білім әлемі»жаңартылған білім мазмұны бойынша мақаласын жоғары деңгейде дайындағаны үшін марапат 2020 жыл 4.reo.kz сайты бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырған Республикалық онлайн-олемпиада жүлдегері І дәрежелі диплом 2021 жыл 5.www.edulife.kz Республикалық қашықтық олемпиада сайты Бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған онлайн олемпиаданың ІІ дәрежелі диплом 2021 жыл 6. «Ең үздік сабақ жоспары» қалалық сырттай байқауында білім сапасын жетілдіру аясында озық идеялары іс-тәжирбесін ұсынғаны үшін ІІ дәрежелі диплом 2022 жыл Баспа: 1.Республикалық педагогикалық,ғылыми журналына «Абайдың шығармалары рухани –адамгершілікке тәрбиелейді»атты мақала жариялағаны үшін сертификат 2022 жыл 2.Республикалық оқу-әдістемелік журналына «Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын»атты ашық сабақ жариялағаны үшін сертификат 2021 жыл 3.Бастауыш мектеп Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналға Сыныптан тыс уақытта.ШШ әрпі мен дыбысы атты ашық сабақ жариялағаны үшін мадақтама 2020 жыл Мұғалімнің шығармашылық тақырыбы: Жаңа техналогияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту Қазіргі таңда оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып жүйелі түрде қолдану - заман талабы. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолдану мен қатар, шәкірттеріне зерттеушілік, ізденушілік әрекеттерін де меңгерту керек. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын мұғалім өз еркімен таңдайды. Әр ұстаз өзінің оқушыларының талантты да талапты, дарынды да даралы болғанын армандайды. Осыған жетуге тырысып, оны шешу жолдарын іздейді. Мен де өз оқушыларыма нәтижеге жету жолдарын көрсетуге тырыстым. Оқушылардың шығармашылық және танымдық ерекшеліктерін анықтау мақсатында оның ерекше қабілеттерін айқындау жолдарын анықтауды қарастырдым. Оқушылардың қабілеттері арнайы тапсырмалар нәтижесі бойынша және сыныптағы оқушылардың қабілеттеріне байланысты анықталды: - Шығармашылық қабілеті; - Танымдық, зерттеушілік қабілеті; - Табиғи дарыны; - мәнерлеп оқу қабілеті ; Бұдан соң оқушылардың бойындағы ерекшеліктерді дамыту барысында әр оқушының өз қабілетіне сай тапсырмалармен жұмыстар жүргіздім. Жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар: - жалпы қабылданған бағдарламамен шектелмеу - оқушы қызығушылығының спецификасын ескеру - оқушылардың оқыған тақырыбына тереңірек үңілуіне тосқауыл қоймау - оңайдан қиынға көшу әдісін пайдаланып,білмегенін меңгерту - жіберген кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік беру - өз ойын еркін жеткізуге үйрету Осы талаптарды орындаған жағдайда, білімді, талапты, ойын жүзеге асыра алатын, шығармашылық қабілеті дамыған оқушы қалыптасады. Өз тәжірбиемде оқушының коммуникативті құзіреттілігін арттыру арқылы сауаттылығын дамытуда баланың шығармашылығын дамытуға кеңірек тоқталғым келеді. Оқушыға тапсырма берерде тілдік білімді танымдық тақырыптармен сабақтастырып беру, оқушылардың сөздік қорын қалыптастыруға қажетті практикалық сипаттағы жұмыстарды орындатуда оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қабылдау қабілеттеріне сай келуі қарастырылуы тиісті. Сонымен бірге оқушы меңгеруге тиісті білім деңгейлеріне сәйкес, бірізділік, дамыта оқыту, пәнаралық байланыс, тапсырмаларды бірте-бірт