Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2022

Толегенова Гульнара Беласаровна

     Мен Толегенова Гульнара Белесаровна 1963жылы 11қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған селосында дүниеге келдім. 1980 жылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірдім.                              
     1982 жылы Алматы қаласындағы №47-ші кәсіптік-техникалық учили -   щесіне түсіп 1983 жылы тігінші мамандығы бойынша бітіріп, Алматы қаласындағы «Қазақстан» фирмасында тігінші болып жұмыс істегедім.
     1989 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің көркем сурет және сызу факультетіне түсіп, 1994 жылы бітірдім.
     Созақ аудандық білім бөлімне қарасты Шолаққорған селосындағы Ы.Алтынсарин мектебінде, Таукент елді мекеніндегі Кеңесбаев атындағы орта мектептерінде музыка пәні мұғалімі болып жұмыс істедім.
     1997 жылы білім беру саласындағы ерекше еңбегім үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталдым.
     2015 жылы Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетіне түсіп, музыкалық білім мамандығы бойынша 2017 жылы бітірдім.
     2016 жылдан 2018 жылға дейін Шымкент  қаласындағы №24 «Алма» бөбекжай-балабақшасында музыка жетекшісі болып жұмыс істедім.
     2018 жылдың 19 қыркүйек айынан бастап №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне музыка пәні мұғалімі болып жұмысқа 
орналастым.
     2017 жылдың тамыз айының 28.09-09.10 аралығында  "Өрлеу" БАҰО  "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында музыкалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту" тақырыбында курстан өттім.
  2016, 2017 жылдары қалалық білім бөлімінің "Мадақтама грамота", "Мақтау қағазымен" марапатталдым.
Шымкент қаласы білім басқармасының 2020.27.08. №1 шешіміне және аттестаттау комиссиясының 2020.28.08. №292 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес "Педагог-сарапшы" біліктілігі берілді.
    2019 жылдың 13.05-17.05 аралығында "Өрлеу" БАҰО "Нәтижеге бағытталған білім беру контексінде білім алушының оқу, танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру" тақырыбында курстан өттім. 40 сағаттық  "Қашықтан оқытуды үйренемін" курсынан өттім
"Рухани жаңғыру" ақпараттық-сараптамалық орталығы 
"Құрмет грамотасы", "Алғыс хат"
"Тағылым" Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы "Сертификат",
"Үздік сабақ жоспары" номинациясы бойынша 1-орын "Диплом"
Дарын.онлайн-1 Республикалық "Кемеңгер ұстаз" олимпиадасының 3-дәрежелі "Диплом"
Халықаралық "Достар дауысы" байқауында "Вокал" номинациясы бойынша Абдрахман Нұрмерей 1 орын иеленді. Байқау жетекшілерінің шешімімен "Құрмет дипломымен" марапатталдым.
6-шы Республикалық "ЖасStar" мега фестивалінде Жұмабек Інжу 2-орын иеленді. Фестиваль ұйымдастырушыларының шешімімен "Үздік жетекші" дипломымен марапатталдым.
Республикалық "Самғау" балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтықтан ұйымдастырылған ән-би, өнер байқауында "Вокал" жанры бойынша үздік өнер көрсеткені үшін 4 "г" сынып оқушысы Қабаева Ұлдана Бас жүлдені иеленді. Байқау ұйымдастырушыларының шешімімен "Алғыс хатпен" марапатталдым.
   Республикалық "Ұлы есім иелері" басылымы қашықтықтан 1 желтоқсан Тұңғыш Елбасы күніне орай ұйымдастырылған "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты оқушылар арасындағы байқауда "Аспапта өнер көрсету" аталымы бойынша 8"в" сынып оқушысы Тұрғын Әсем үздік өнер көрсеткені үшін 1 орын иеленді, осы аталған байқауда "Эстрадалық ән" аталымы бойынша 3 сынып оқушысы Нұржанқызы Інжу үздік өнер көрсеткені үшін 2 орын иеленді. Ұйымдастырушылар алқасының шешімімен "Құрмет грамотасымен" марапатталдым.
"Өнерлі ұстаз-2021" облыстық байқауында "Шебер орындаушы" номинациясымен марапатталдым.
    Әкем Төлегенов Беласар 1987 жылы қайтыс болған. Анам Тоқбергенова Шолпан, он балалы, зейнеткер.
     Жанұямда 2008 жылы 11 сәуірде туылған 5 сыныпта оқитын қызым-Төлегенова Гаухар бар.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив