Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сентябрь
2023

Әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары

Әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс
жоспары
2023-2024 оқу жылы

Тақырыбы: Балалардың әлеуметтену мәселелеріне тоқтатылып, оған заман талабына сай көмек, қолдау көрсету, өмір сүру мүмкіндігіне, әлеуметтік реабилитация мен бейімделуіне, жұмысқа орналасуы мен тұрғын үй кезегімен қамтамасыз ету жұмыстарын талдап, жандандыру.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының мақсаты: оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші ғана емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Әлеуметтік педагогтың міндеттері:
- балалардың құқықтарын қорғау үшін әртүрлі әлеуметтік қызмет өкілдерімен жұмыс жүргізу;
- оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік- педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету;
- тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайын, отбасының, микроортасының психологиялық, медициналық, педагогикалық ерекшеліктерін зерделеу;
- оқушымен мекеменің, отбасының, әлеуметтік ортаның, мектептің арасындағы келістіруші міндетін атқарады;
- аз қамтылған отбасы балаларының үйірмелермен қамтамасыз ету, олардың бос уақытын тиімді пайдалануын қадағалау;
- ерекше білімді қажет ететін оқушылармен және үйде оқытылатын оқушылардың құқықтарын қорғайды және олардың қоғамдық ортаға бейімделуіне жағдай жасайды;
- тұл жетім, қамқорлықтағы және қорғаншылықтағы балалармен жұмыс жүргізеді
- мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың есебін үнемі жүргізіп отыру;
- мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, күн көріс деңгейі төмен отбасыдан шыққан балалармен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен, тұрмыс деңгейі төмен аз қамтылған отбасы балаларының уақытылы әлеуметтік көмек алуын, ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін және жазғы лагерьлермен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.
- Жылдық жоспар Білім туралы ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі, ҚР баланың құқықтары туралы ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығы, Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы, Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 № 68 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) және т.б. нормативтік-құқықтық құжаттарға негізделген.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив