19
декабрь
2023
Ыбырай Алтынсариннің "Дүние қалай етсең табылады?"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институты, "6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 жылдық 3 курс ҚБТ (күндізгі бөлім) қолдану арқылы білім алатын студент Оспан Шұғыла Алмасханқызы 27.11.2023ж. -30.12.2023ж. аралығында өндірістік (педагогикалық) практикадан өтуде. Практика жетекшісі болып Кекилова Жадра Ерсиновна тағайындалды. Осы аралықта Шұғыла 19.12.2023ж. 5"а" сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті пәнінен Ыбырай Алтынсариннің "Дүние қалай етсең табылады?" әңгімесі бойынша ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында оқушылармен жағымды психологиялық ахуал орнатып, "Flippity" платформасы бойынша оқушыларды топқа бөліп, үй тапсырмасын "Күн көзін ашу" әдісі арқылы сұрақтар қойып өткен сабақты қорытындылады. Жаңа сабақты түсіндіру барысында ең алдымен тақырып бойынша бейнеролик көрсетіп, оқушыларға топтық тапсырма берді. Содан соң сергіту сәтін ұйымдастырып, ІІ деңгей тапсырмасына көшті. Оқушыларды "Ашық журнал" бойынша бағалады. Және сабақ соңында оқушылармен "WhatsApp-қа хат жолдау" арқылы кері байланыс жасалды. Және үй тапсырмасы ретінде "Қазіргі қоғамда қайыршылықтың шығу себебі неде?" тақырыбында шағын ойтолғау жазып келу тапсырмасы берілді.



