02
март
2023
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ – БІЛІМ САПАСЫН ЖҮЙЕЛІ БАҚЫЛАУДЫҢ НЕГІЗІ
02.03 күні №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте Шымкент қаласының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ – БІЛІМ САПАСЫН ЖҮЙЕЛІ БАҚЫЛАУДЫҢ НЕГІЗІ тақырыбында қалалық оқыту семинары өткізілді. Семинарға облыс және қала мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары мен пән мұғалімдері қатысты. Мектеп тренерлері Г.Елеуова және Б.Болат «Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілі-білім сапасын арттырудың құралы» тақырыбында шебер сыныптар көрсетті. Бастауыш сынып мұғалімдері Н.Булеева, Ғ.Ахатаева, М.Пралиева, Ж. Карабаева сабақтарында білім алушылардың оқу және жаратылыстану бағытындағы функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда тиімді тәсілдерді көрсете білді.
Сонымен қатар сабақтарда ақпараттық-коммуникациялық технология және оның мүмкіндіктерін қолданудың тәжірибесімен бөлісті. «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балдырған» балалардың театрландырылған жұмыстары көрініс тапты. Семинарға қатысушы мұғалімдер қажетті ақпараттар мен құнды дүниелер алып, іс-тәжірибелерін толықтырғандарына ризашылықтарын білдірді.