04
апрель
2022
Елеуова Гульмира Амангельдиевна "Өрлеу"курс есебі
№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Елеуова Гульмираның «Бастауыш сынып (1-4 сыныптар) мұғалімдерінің «Математика», «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында өткен курс туралы есебі
Шымкент қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ 28.03-08.04.2022 ж. аралығында «Бастауыш сынып (1-4 сыныптар) мұғалімдерінің «Математика», «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша пәндік құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында 80 сағат көлемінде курста оқуда болдым. Тренерім Калиева Хадиша бастауыш сынып пәндерін оқыту бойынша лекция оқыды. Практикалық сабақтарда тыңдаушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Математика пәнін оқу барысында мәтіндік есептерді шығару үшін арифметикалық әдіс, алгебралық әдіс, графикалық әдіс, практикалық әдіс қолданылады. Оқушылардың математикалық қабілеттерін, логикалық ойлауын, математикалық сауаттылықты қалыптастыру жұмыстарын жетілдіру жолдары туралы айтылды. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Соның бірі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, білім алуға құштарлығын арттыру. Курс бағдарламасы бойынша стандарт емес есептерді шешудің тиімді жолдары, олимпиада материалдары да қосымша қарастырылды. Логикалық тапсырмалар балалардың көру қабілетін ( ребус, аннограмма, сөзжұмбақ, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар) және есту қабілетін (математикалық мақал-мәтелдер, қалжың есептер, өлең есептер, жұмбақ есептер) дамыту болып екіге бөлінетінін білдім.
Қазақ тілі пәні бойынша бірқатар тақырыптарды қарастырдық. Қазақ тілінде сөздер сематикалық және морфологиялық белгілеріне қарай үш топқа бөлінеді. Олар: «Атауыш сөздер», «Көмекші сөздер», «Одағай сөздер». Сонымен қатар «Зат есімнің септелуі», «Шылау», «Сөйлеу түрлері» , «Сөз таптары» туралы тақырыптарды сапалы әрі қызықты өту туралы сөз қозғалды. Сауатты, көркем жазуға басымдық берілу керектігі айтылды.
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру мәселесі сөз болды. Балаға мәтінді жай ғана оқып қоймай, түсініп, есте сақтап оқуды үйрету маңызды. Мәтін мазмұнын әңгімелеп, талдауда жабық және ашық сұрақтарды қолдану, балаға ойлануға, өз жауабын түзетуге мүмкіндік беру қажет.
Курста қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың ерекшеліктері туралы ақпараттар берді және тәжірибеде көрсеттік. ҚМЖ жасауда мұғалімнің басшылыққа алатын негізгі құжаттары: бағдарлама, ұзақ мерзімді жоспар және орта мерзімді жоспар. Осы күнге дейінгі біздің жасап келе жатқан «Күнтізбелік-тақырыптық» жоспарымыз - ұзақ мерзімді жоспар негізгі оқу мазмұнын қамтиды. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде пән бойынша оқу бағдарламасы құрылады. Оқу бағдарламасының мазмұны жалпы ережелер, пәннің мазмұнын ұйымдастыру, оқу мақсаттарының жүйесі болса, ал ұзақ мерзімді жоспар білім беру деңгейі бойынша барлық сыныптардағы пән тарауларын белгілеп, олардың жалпы ережелерін анықтайды. Ұзақ мерзімді жоспар - бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады. Орта мерзімді жоспар – ол белгілі тақырыпқа сай тізбектелген сабақтар жоспары, яғни, сол тақырыпқа тән бөлінген сағаттардың жұмыс сызбасы. Бұл жоспарды мұғалім жеке сынып үшін пайдаланады. Орта мерзімді жоспардың тиімділігі қажетті әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны күнделікті ҚМЖ жасауда қолдануға болады. Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету - қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Мақсат қоя білу, міндеттерді белгілеу, күтілетін нәтиже, сабақтың барысы, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті, бағалау және рефлексия бөлімдері бойынша мұғалімнің жұмысын бағалау ұсынылады. Сабақтың басты міндеті-оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Мұғалімдер үшін әлі де қиындық туғызатыны оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру. Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде (45 минуттан кейін) үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі.
Сабақ мақсаты оқушының сабақта (45 минут барысында) не жасағанын көрсетпей, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды.
Жаңаша оқытудағы оқу үдерісінде мұғалім емес оқушы неғұрлым белсенді болады, мұғалім оқу материалын дайын күйінде бермейді, ашық сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттап отырса, сабақ жемісті болады. Осындай жемісті сабақтың әр кезеңде белгілі бір оқыту мақсатын қоя отырып, мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, жауаптарды іздеуге, мәселені талқылауға, қорытынды жасай отырып, өз ойын білдіруге үйрете отырып, ашық қоғамның бәсекеге қабілетті азаматы етіп тәрбиелейді. Курс барысында оқығанымды, білгенімді, көргенімді қарастырылған идеяларды, сабақта пайдаланатын жаңа әдіс тәсілдерді сабақта тиімді қолдану үшін жазып отырдым. Бұл өте маңызды. Сондықтан, мектепке бара салысымен оқу процесінде үйренген жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануға асықтым. Оқуда «Джигсо», «Балық қаңқасы», «Ментальді карта», «Тарсия», «Өкіл», «Галереяны шарлау», «Бес қадам» әдістерін сабақта қалай тиімді пайдалануға болатынын үйрендім.
Қорыта келе, сабақты жоспарлау кезеңі өте жауапты екенін түсіндім. Сабақты жоспарлағанда әрбір іс-әрекеттерімді дұрыс ойлауым керек. Мен осы курстан өте көп қажетті мағлұматтар алдым, кәсіби біліктілігімді арттырдым.