31
август
2022
Әдістемелік нұсқау хат 2022-2023 оқу жылы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Математика, информатика» пән бірлестігінде «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатымен танысу отырысы өтті. Отырыс барысында бірлестік жетекшісі Н.Сапахова мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, бірлестік мұғалімдерінің «Мектептегі математика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбындағы педагогтардың біліктілігін арттыру курсынан 100% өткендігін айтып өтті. Бірлестік мұғалімдері курстан алған білімдері мен 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатты талдады. Сонымен қатар, жаңа оқу жылының ерекшеліктері, білім мазмұны, оқыту процесі, тәрбие жұмысының ұйымдастырылу барысымен таныстырды. МЖМБС, үлгілік оқу жоспарларына енген өзгерістерді, цифрлық контент пен ресурстарды оқыту процесінде тиімді пайдалану және математика, информатика пәндері бойынша енген өзгерістер мен ерекшеліктерді түсіндіріп өтті.
#Әдістемелік нұсқау хат 2022-2023 оқу жылы
#Әдістемелік нұсқау хат 2022-2023 оқу жылы



