Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн. Мектебің – алтын ұя жарқыраған, Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың, Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.