Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Елеуова Гульмира Амангельдиевна "Сабақ тиімділігін арттыратаын әдіс-тәсілдер" коучингтің рефлексиялық есебі
29
сентябрь
2021

Елеуова Гульмира Амангельдиевна "Сабақ тиімділігін арттыратаын әдіс-тәсілдер" коучингтің рефлексиялық есебі

№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғлімі Елеуова Гульмираның «Сабақ тиімділігін арттыратын әдіс-тәсілдер» тақырыбында өткізген коучинг сабағының рефлексиялық есебі

Коучингтің мақсаты: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер туралы түсініктер қалыптастыру, оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалануға бағыт беру.
Оқуда және оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданбай білім сапасын көтеру мүмкін емес. Осы себептен оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді білу, үйрену, күнделікті іс-әрекеттерде қолдану бізге қажет. Коучинг сабағына мектептің жас мамандары, бастауыш сыныптарының мұғалімдері қатысты.Сапалы білім беру үшін, оқушылардың білімділігі мен біліктілігін арттыру мақсатында оқытудың және оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін білу, басқаларға үйрету – мен үшін де, басқа мұғалімдер үшін де маңызды. Мұғалімдердің көпшілігі мұндай біліктілікті арттыру курстарын өтпеген, сондықтан жаңа әдіс-тәсілдерді үйренгілері келеді. Жаңа технологияларды меңгере отырып, білім кеңістігіне шығу- бүгінгі күннің талабы. Мұғалімдердің бірлескен оқуына, өздігінен білім алуына жағдай жасадым. Оқушыларды қалай қызықтыра аламын, қандай тәсілдерді пайдаланамын деген мақсаттар қойды, оны шешудің жолында ізденді, әрі үйренді.
Мәтінмен жұмысты мұғалімдер жақсы жасады, әр бөлігіне назар аудара отырып оқыды. Мәтінді жұпта, топта талдады. Мәтін бойынша өз ойларын қоса отырып жоба жасады. Бұл тапсырманын сәтті болу себебі мұғалімдер топқа бөлуде ең басты маңызды нәрселерді байқамайды, мәтін өзі мұғалімнің сабақтағы іс-әрекетіне негізделіп берілді.
Коучинг барысында ұстаздарға бүгінгі таңдағы жаңа әдістер мен тәсілдер ұсынылды. Мұғалімдер топтық жұмыс туралы түсінік алды, топтарға қалай бөлінуге болатынын білді; диалог ұғымы берілді, диалогтың мұғалім мен оқушының, оқушылардың өзара диалог құруы туралы білді; көшбасшылық өмірде және оқыту кезінде қандай рөл атқаратындығы туралы мәлімет алды. Осы тәсіл бойынша жұмыс жасап, жақын танысты.
Жақсы өткен тұстары: Топтық жұмыс пен өзін – өзі бағалау сәтті шықты. Әріптестер бұл коучинг кезінде белсенділік көрсетті.Өздері оқушылар сияқты іздені, бірлескен оқуды ұйымдастыра білді. Жұмыстарын қорғаған кезде үйренген әдістерін пайдаланды.
Өткізілген коучингтегі әдіс-тәсілдер оқыту мен тәрбие үрдісінде пайдалануға лайықтанып алынды. Сондықтан мұғалімдер үйренген әдістерін сабақ барысында пайдаланады деп ойлаймын.
Коучинг кезінде әріптестеріме үйрету арқылы кейбір тұстарды өзім нақтыладым. Іздену арқылы өзіме де, өзгеге де ақпарат жинадым. Мен үшін ең маңыздысы- әріптестерімнің оқытудағы әдістерінің өзгеруі. Болашақта осы бағдарламаны , өз әріптестеріммен нәтижелі жалғастыра отырып, тек өзім үйреніп қоймай, өзгеге де үйрете беремін.
[/size]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив