Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
май
2022

Бастауыш сынып Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: «Бар ізгілік тек кітаптан алынар» атты бәйге  жарысы
Мақсаты: Бұл бәйге арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру.  Сабақ барысында  алған білімдерін қайталай келіп, әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілеттерін, тілін дамыту, шығармашылыққа баулу, танымдық қабілеттерін арттыру. Қазақ халқының салт-дәстүріне, өнеріне оқушылардың қызығушылық мен сүйіспеншілігін арттыру, құрметтеу.
 Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік презентация, кесте.
 Сабақ барысы:
 — Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
 3 «Г» сыныбы оқушылары арасында өткелі отырған «Бар ізгілік тек кітаптан алынар» атты бәйге жарысына  қош келдіңіздер!.
 Мұғалім:Қазір біз, балалар, осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Мұғалім:
 І-кезең  “Сәлемдесу”
 ІІ- кезең  “Дода”
 ІІІ-кезең  “ Білгенге маржан”
 
ІV-кезең 
“Ойлы болсаң, озып  көр  
 
V-кезең ”Тіл өнері”
 
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
 Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
 Жақсы сөзге жан семірер қашанда
 Жолданады сайыскерлер сәлемі.
 Сонымен, сайысқа қатысушылар өз сәлемдерін жолдайды:
 І топ: «Қызғалдақ» 
Қызғалдақ[1] (лат.Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.[2] Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағыГрейг қызғалдағыКауфман қызғалдағыШренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[3]
 
ІІ топ:”Сарғалдақ”
Сарғалдақ (лат.Ranunculus)[1] — сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдіктердің үлкен тегі. Текте 360-тай биологиялық түрлер бар[2Солтүстік жартышардың қоңыржай белдеуіндегі аймақтарда кең таралған. Суда өсетін түрлері бар. Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі. Өзен, жылға жағалауларындағы ылғалды жерлерде, батпақты ағынсыз шалшық суда, құрғақ және батпақты шалғында өсетін 55 түрі белгілі. Өсімдіктің биіктігі көбіне 5 — 150 см аралығында болады. Сабағы тықыр не түкті. Жапырағының жиектері бүтін не қауырсын тәрізді тілімденген. Гүлі ақ (суда өсетіндерінде) және сары (құрлықта өсетіндерінде) түсті, бір-бірден, кейде топтанып орналасады. Жәндіктермен, сондай-ақ өздігінен де тозаңданады, жемісі — көп жаңғақша. Сарғалдақтардың көптеген түрлерінің құрамында протоанемонин және ранункулин глюкозиді болғандықтан улы, бірақ кептіргенде уыттылығы жойылады. Жатаған Сарғалдақ — дәрілік өсімдік. Сарғалдақтардың әсемдік үшін өсірілетін түрлері де бар
 
 
ІІІ-топ:”Бәйшешек”
Бәйшешектің латынша атауы «галантус». Ол гректің «гала» – сүт және «антус» – гүл деген сөзінен шыққан, яғни қазақша сүт тамшысы деген мағына береді. Бәйшешектің аппақ қауызы шын мәнінде де, қатып қалған сүт тамшысына ұқсайды.Бәйшешек күн жылынып, шуақты көктемнің келе жатқанын алғаш хабарлайтын күй талғамайтын гүл.Көктемнің басында, қыстың қары толығымен еріп бітпеген кезде тауда және тау бөктерінде, ормандағы қардың астында, толығымен ерімен ала қардың астынан ақ, көгілдір немесе күлгін ғажайып, бәйшешек гүлі шығады.Бәйшешектің көктемде шығатынына қарамастан, ол 10 градус аязға да төзе алады. Оған мұндай аязға төлеп беруіне негізі сабағындағы жұқа түктерден тұратын өзіне тән қабығы көмектеседі
ІІ-кезең “Дода
Бұл кезеңде тақырып және соған сәйкес ұпай санын таңдайсыңдар. Ұпайларға сәйкес сұрақтар бар, соған жауап бересіңдер. Әр топтың 4 ұяшық таңдау мүмкіндігі бар.
 Әдебиеттік оқу 20 30 40 50
 Қазақ тілі 20 30 40 50
 Қызықты математика 20 30 40 50
 Әдебиеттік оќу
 
20 ұпай: Қазақтың бас ақыны кім? (Абай)
 30 ұпай: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?
 40 ұпай: «Елдестің ойыны» әңгімесіндегі балаға мінездеме бер.Ол қандай бала?
50 ұпай: Ұлттық ойындарды ата.
Қазақ тілі
 
20 ұпай: Сөйлемнің неше түрі бар?  (хабарлы, сұраулы, лепті)
 30 ұпай: Мәтіннің қанша түрі бар? 3түрі бар
 40 ұпай: Зат есім неше жақта тәуелденеді?3 жақта жекеше,көпше түрде
 50ұпай: Есептік және реттік сан есім дегеніміз не?(қанша ? неше? Нешінші?)
Қызықты математика
 20 ұпай: ең кіші бір таңбалы сан? 1
 30 ұпай: Нөлді кез келген санға көбейткенде не шығады?0
 40 ұпай: Уақыт бірліктерін ата. Сек,мин сағ,тәулік,ай,жыл,ғасыр
 50 ұпай: Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? (2)
Дүниетану
 20 ұпай: Астраномия ғылымы нені зерттейді? Аспан денелерін зерттейді
 30 ұпай: Ғасыр дегеніміз не?Жүз жылдық мерзімді қамтитын уақыт өлшемі
 40 ұпай: Қыпшақ даласы қай ғасырда, қай елді мекендеді?11-12ғ, Алтай мен Дунай 
 50 ұпай:Қай жылы Қазақ хандығы құрылды?   1465ж
ІІІ-кезең “Білгенге-маржанБұл кезеңде әр топқа 5сұрақтан беріледі.Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады 
Қызғалдақ тобы
5 –ұпайЖер бетіндегі ең алып құс? Африка түйеқұсы
5 –ұпайЕң жүйрік сүтқоректі?  Гепарат
 5 –ұпай Ең кішкентай құсКолибри құсы
5 –ұпайӘлемдегі ең ұзын жануар? ? Керік
5-ұпай Ең ірі адам тектес жануар? Горилла                                                       
Сарғалдақ тобы
5 –ұпай Ең үлкен көл?    Каспий                            
5 –ұпай Ең терең көл?   Байкал                                
5 –ұпай Қазақстанның тұңғыш географ- ғалымы? Шоқан Уалиханов                                                    5 –ұпай Қазақстанның тұңғыш ғарышкері?   Тоқтар Әубәкіров                                                                                            5 –ұпай  Ең ұзын өзен? Сырдария
Бәйшешек тобы
5-ұпай Әлемдегі ең ірі жыртқыш аң?Аю                            
5-ұпай Әлемдегі ең ірі сүтқоректі?  Піл            
5-ұпай Әлемдегі ең ірі теңіз жануары?  Кит                                                             
5-ұпай Мысық тұқымдастардың ішіндегі ең ірі жыртқыш?   Ягуар 135   кг                                                        5-ұпай Қазақстанның ең биік нүктесі?     Хан тәңірі   6995м                                                      
5-ұпай Ең үлкен үш таңбалы сан? 999
IV- кезең «Ойлы болсаң, озып көр»Бұл кезеңде сендерге әдебиеттік оқу пәнінен өтілген ертегілер, аңыздар, әңгімелерден бейне үзінділер беріледі.Берілген үзінділердің тақырыбын дұрыс табу керек.
Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі
1.«Бір ауыз сөзі мың ауыз сөзге татитын» Төленің ғажайып болмысын, әділ шешімін таныған жоңғар қолбасшысы:
 -Шын әулиенің өзі екен, — деп өзіне де, еліне де көз алартпапты.(Қарлығаш әулие)
2– Япырым-ай, сен шынында да данышпан екенсің. Мұны маған сенен басқа тірі жан айта алмас еді, – дейді Сүлеймен риза болып. Сөйтіп, ол киелі суды ішпейді.
(Көкқұтанның ақылы) 
3– Жоқ, мен олай ойламаймын, – дейдi. – Бұл жазудың мағынасы сiздiң ойлағаныңыздан гөрi тереңiрек соқса керек: бұл бұлақ кiм-кiмге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, рақаттандырады. Сусағанның шөлiн қандырады. Онысы үшiн ешкiмнен ақы дәметпейдi. Олай болса, бұл «бiреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкiмге мiндет етпе» деген ақыл болады.(Таза бұлақ)
V-кезең  «Тіл өнері» Бұл жерде сіздерге қазір қазақ тілі пәнінен білетін тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Осы тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз?
1. Сүт пісірім уақыт (жылдамдық)
2. Ит өлген жер (Алыс)
3. Құлақ түрді (Тыңдады)
4. Су жүрек (Қорқақ)
5. Тайға таңба басқандай (Анық)
6. Төбе шашы тік тұру? (Қорқу)
7. Екі құлағы екі езуіне жетті (Қуану)
8. Қас пен көздің арасында (тез, жылдам)
9. Үріп ауызға салғандай (Сұлу)
10. Бармағын тістеу (өкіну)
      Осымен бүгінгі бәйге жарысымызды аяқтаймыз 3 топ та жақсы білімдерін көрсетті.Дегенмен бүгінгі бәйге жарысымызда қарсыластарын баса озған топты анықтайық. Сөз кезеңін қазылар алқасына берейік.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив