22
апрель
2022
Эстафеталық ойын. «Толағай» көңілді ойындар сайысы.
Дене шынықтыру пән мұғалімі:Мұратбек Сандуғаш Оңалбекқызы педагог ғылымдарының магистрі
Тақырыбы: Эстафеталық жарыс «Толағай» көңілді ойындар сайысы.
Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту,
қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін
және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру
жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие
беру.Қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып,ептілікке,
жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық
ойындар арқылы дамыту.
Керекті құралдар: Доп,кедергілер,шар,секірме,таяқша, қар ,тақырып жазылған плакат
«Толағай» көңілді ойындар сайысы.
Сазды әуен қосылып, жарыс сабына әзір болып тұрады.
Мұғалім: Топты жарған түлектерміз,
Жаралдық ақ тілектен біз
Сұңқар –қанат,
Тұлпар-тұяқ түлектерміз-деп
Бүгінгі ойын-сауығымызды бастаймыз.
Жарысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болайық.
1. Дене тәрбие пәнінің мұғалімі Избасаров Б
2. Дене тәрбие пәнінің мұғалімі Ақбергенов Д
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
1. Таныстыру кезеңі. (топтың атын таныстыру керек)
(5 ұпаймен бағаланады)
«Жалын» тобы
Топтың ұраны: Жалындаймыз, жанамыз,
Біз спортшы боламыз!
«Шымыр» тобы
Топтың ұраны: Біз шымыр, сергек денеміз,
Спорт сүйер өнерміз!
I .Бәріміз сапқа тұрып жан-жақты дамыту жаттығуларын жасап алайық.
Сапқа тұру түзел тік тұр сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,саптық жаттығулар оңға,
солға бұрыл кері айнал.
Жалпы дамыту жаттығулары: спорт залды айланып жайлап жүру, жүгіру,тізені биік
көтеріп жүгіру, оңға және солға қарай тіркеме адыммен жүгіру, артпен жүгіру, алға
қарай жүгіру, терең жүріп демалу. Сапқа тұру. қатармен саналу 1-2 ке санал
Мұғалім: Бізде бәрі жүйріктер
Күш сынасар алыптар
Жарысқа қатысатын балалар
Топтарды ортаға шақырамыз.
Ал, енді балалар эстафеталық ойынымызды бастаймыз. Ойынымыз мынадай бөлімдерден
тұрады.
1. «Таныстыру кезеңі»
2. «Эстафета беру»
3. «Кім жылдам»
4. «Қар жинау»
5. « Жүйрік паравоз» жарысы
6. «Өрмекші»
7. «Капитандар сайысы»
1. «Таныстыру кезеңі»
Әр топтан топ башылары шығып өз топтпрымен таныстыру.
2. «Эстафета беру»
Мұғалімнің белгісі бойынша. Қолына таяқшаны алып белгіленген жерге барып айналып
келіп, келесі ойыншыға береді. Осылайша ойын жалғасады. Қай каманда бұрын келеді сол
каманда жеңіске жетеді.
3.«Кім жылдам»
Төрешінің белгісі бойынша белгіленген жерге допты кедергілерден өту арқылы ұрып
барып,қайтарында жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға береді. Ойын осылай
жалғасып,бірінші келген команда жеңімпаз болады.
4. «Қар жинау»
Ойынның шарты: Мұғалімнің белгісі бойынша . Қарды домалақтап қысқышпен ұстап
әкеліп ыдысқа жинайды. Қай команда көп жинайды, сол жеңіске жетеді.
5. « Жүйрік паравоз» жарысы
Шарты: бірінше бала паравоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паравоз бала
белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы
ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын
жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.
6.Өрмекші.
Отырған қалыпта қолды артқа қойып,өрмекші секілді жүрелеп жүріп белгіленген жерге
барып қайтады.
7«Капитандар сайысы».
2 команданың капитандары ортаға аяқтарына шар байлап шығады, қарсыластың
аяғындағы шарын жарып тастау керек.
Осымен жеті бөлімнен тұратын ойын-сауығымыз өз мәресіне жетті.
«Жалын» , «Шымыр» топтарынан белсенділік көрсетіп,
жақсы қатысқан топты мадақтау.
Жарыс аяқталғаннан кейін ойыншылар жанкүйерлерге қарап түзіліп, сапқа тұрады.
Сайысты қорытындылау.
Төрешілер алқасының шешімі бойынша 1, 2 орындар анықталады.[/size]


