24
ноябрь
2023
Серіктес мектептер арасында өткен қалалық семинар
"ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ – БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗІ" қалалық семинар
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде, қалалық әдістемелік орталық директорының уақытша міндетін атқарушы Г.Сражиева мен әдіскер Раиса Аульбаеваның қолдауымен, мектеп директоры Ә.Бимұратова мен директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Байгараеваның ұйымдастыруымен, “Оқытудың инновациялық әдістері мен құралдарын қолдану – білім сапасын көтерудің негізі” тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар көрме, ғылыми жобалар топтамасы, қалдық заттарға өмір сыйла, “OYLA” танымдық зияткерлік сайысымен басталып, “Оқушыларға қолдау көрсету жоспарын әзірлеу”, “Білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып тапсырманы үйлестіру жолдары” тақырынба мектеп тренерлері Б.Бихан, Г.Елеуова, Л.Ысмағұлдардың коучингіне жалғасты. Сонымен қатар, мектебіміздің жас мамандары: шетел тілі пән мұғалімі А.Журсинбекова “What we value” (Біз нені бағалаймыз?), математика пән мұғалімі Н.Болат “Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану”, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ш.Абаева “Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры”, биология пән мұғалімі А. Бектуреева “Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу шаралары”, физика пән мұғалімі Ф.Кенжегулова “Жылу қозғалтқыштарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер”, география пән мұғалімі А.Ходжаева “Геосферадағы антропогендік факторлар”, шетел тілі пән мұғалімі Г.Айтимбетова “My country: Our planet (Менің елім: біздің планетамыз) тақырыптарында ашық сабақтар өтті. Жас мамандар сабақ барысында үш тілділікті, цифрлық технологияларды, креативті әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білді. Сабақтар қызықты әрі тартысты өтті.
Семинардың қорытынды бөлімінде мектеп психологы Г.Аханова “Біз – біргеміз!” тақырыбында тренинг өткізіп, қонақтарды сергітіп алды. Келген қонақтар жас мамандарға өздерінің оң пікірлерін айтып, еңбек жолдарына сәттілік тіледі. Әдіскер Раиса Аульбаева мектеп директоры Ә.Бимұратова мен директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Байгараеваға ерекше алғысын білдірді.
Семинар мақсаты: Білім алушылардың бәсекелестікке қабілетін дамыту; Оқытудың инновациялық әдістері мен құралдарын қолдану арқылы сапалы білім көтеру.
Семинарға №№57, 97, 98, 116, 117, 118, 135, 136, 138 және “Бал Қазына” ЖШС (PARASAT AJ), ТОО “Samal Primary School”, ТОО “Жас балғын”, ТОО “Newline school”, ЧУ ШИ “Жас қанат” серіктес мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, шетел тілі, математика, биология, география, физика пән мұғалімдері қатысты.