Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кекилова Жадра "Табиғи ресурстар" қалалық семинарда ашық сабақ
14
февраль
2024

Кекилова Жадра "Табиғи ресурстар" қалалық семинарда ашық сабақ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде "Білім сапасы—мұғалімнің кәсіби шеберлігінің негізгі кепілі" тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: педагогтердің кәсіби және АКТ құзіреттіліктерін білім сапасын арттыру аясында дамыту, педагогикалық, пәндік үздік тәжірибелерді тарату.
Семинарда мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Кекилова Жадра Ерсиновна 8 "А" сыныбымен қазақ тілі пәнінен "Табиғи ресурстар" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ мақсатына сай тапсырмалар, белсенді әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақта оқушылар тақырыпқа байланысты үш топқа топтасты. Сабақ барысында оқушылар эксперимент жасады, ғаламтордан іздену жұмыстары болды, газет журнал, ғылыми кітаптардан ғылыми, публицистикалық мәтіндермен жұмыс жасап, суретпен жұмыс тапсырмаларын орындады. Қазақ тілінің салаларын постерге талдау арқылы көрсете білді. Сергіту сәті, ЕБҚО тапсырмалары, ойтүрткі сұрақтары, саралау тапсырмалары сабақ барсында көрініс тапты. Мұғалім оқушыларды Ашық журнал арқылы бағалап отырды. Кері байланыс "Уатсапқа хат" желісі бойынша іске асты. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар сабақта белсенді болды. Мұғалім әр оқушыны сөйлете білді. Сабаққа қатысқан мектеп мұғалімдері сабақтың құрылымы жақсы құрылғанын, сабақ өте жақсы өткенін айтып, пкірлерін білдірді. Сабаққа бастауыш сынып мұғалімдері Палашова Әлия, Тулешова Айжан, Құралова Аягөз, Тасболатова Жанар, Аметова Айнур, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері Бимбетова Роза, Ералиева Перизат, технология пән мұғалімі Долиева Аят апай, химия пән мұғалімі Сеитжапбарова Жанна мұғалімдер қатысып, сабаққа деген пікір ұсыныстарын айтты.












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив