23
февраль
2022
"Ертегілер еліне саяхат" сурет байқауы.
Бастауыш сынып оқушылары арасында "Ертегілер еліне саяхат" сурет байқауы ұйымдастырылды.Бұл сурет байқауының негізгі мақсаты бейнелеу өнеріндегі дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсете отырып, өскелең ұрпақты бейнелеу өнеріне баулып, патриоттық көзқарастарын қалыптастырып, эстетикалық талғамын дамыту болып саналады. Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі көркем де бейнелі руханият қазынасы. Қазіргі егеменді елдің болашағы болар жас ұрпақты ұлттық дүниетаным негізінде тәрбиелеудің баға жетпес, теңдесіз құралы. «Жақсы салынған суретте көп сөздің түйіні бар» немесе «Жүз рет естігенше, бір рет көзбен көрген абзал» деп бабаларымыз сурет өнері маңызына үлкен баға берген. Біздің дарынды оқушыларымызға шығармашылық табыстар тілейміз.Жетекшісі Сугралиева Раушан.





















