21
апрель
2021
"Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз!"
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП.
БІЗ СІЗДІ ЖАРҚЫН ӘЛЕМГЕ ЖЕТЕЛЕЙМІЗ!"
#Оқуға_құштар_мектеп_Шымкент
#Оқуға_құштар_оқушылар
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 20.04.2021 жылы "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында серіктес №75, 78, 79, 80, 81, 82 мектептер арасында "Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз!" тақырыбында санитарлық талаптарды сақтай отырып, тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Семинардың мақсаты- жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, өзара тәжірибе алмасу. Семинарға Шымкент қаласы әдістемелік орталықтың әдіскері Баймусаева Гүлім Ергешовна ZOOM платформасы арқылы қатысып, жобаны іске асыру барысында сәттілік тіледі. Іс-шараға қатысушы мектеп мұғалімдері өскелең ұрпақтың кітап оқуға сауаттылығын арттыру бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Іс-шара соңында мектеп әкімшілігі "Біз сізді жарқын әлемге кітап арқылы жетелейміз"-деп, келген қонақтарға кітап сыйға тартты.










