25
январь
2023
«Менің атым Қожа»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқырман қауым арасына кең тараған, көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесін 5 «Б» сынып оқушылары оқып, сынып жетекшісі Салыхожа Азизамен бірге талдау жасады. Бұл шығармада ауыл өмірі, ауыл балаларының мінез-құлық, арман-мақсаты шынайы да шырайлы бейнеленгенін айтып, шығармадан үзінділер оқып берді.
«Күнделікті өмірде үзбей кітап оқуды әдетке айналдыра білу керек!» - деп айтудан жалықпаймыз.
«Күнделікті өмірде үзбей кітап оқуды әдетке айналдыра білу керек!» - деп айтудан жалықпаймыз.

