Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2023

«Жағымды мінез құлық қалыптастыру»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Байгараеваның ұйымдастыруымен мектеп психологтары 7 сынып оқушыларына «Жағымды мінез құлық қалыптастыру» атты психологиялық тренинг өткізді. Тренинг сұрақ-жауап ретінде сергіту сәтімен басталды. Тренинг барысында оқушылар «Кедергілерден өту» тапсырмасын орындады. 7 «Б», В сыныптары кедергілерден соңына дейін өтсе, 7А, Ә сыныптары кедергілерге тап болды. Сонымен қатар, «Буллинг деген не?» деген бейнеролик көрсетіліп, буллинг, кибербуллингтің алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен «Жемісті ағаш» әдісі арқылы кері байланыс жасалды.
7 сынып оқушыларына тәрбие сағатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Мальчик в полосатой пижаме» фильмі көрсетілді. Бұл фильмді оқушылар қызыға тамашалады. Асем Жүнісқызы оқушыларға осы фильмнің кітабын оқуға кеңес берді. Сынып жетекшілері мен мектеп психологтарының бірлескен жұмысы оқушыларға жақсы әсер қалдырды. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!
Мектеп психологтары: Аханова Г., Агмасова А және қонаққа психолог Шыныбекова Жадыра Калдыханкызы келді.
Сынып жетекшілері: Ш. Сайфуллаева, М. Жайықбаева, Г. Айтимбетова, А. Бектуреева








Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив