07
сентябрь
2021
Сыбайлас жемқорлықсыз білім
"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БІЛІМ!"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, «Сыбайлас жемқорлық, парақорлық» сөздерінің мағынасын түсіндіру мақсатында "Сыбайлас жемқорлықсыз білім" тақырыбында апталық іс-шара жоспарына сәйкес, 9-сынып жетекшілері Л.Ысмағұл, Н.Борахаева және Р.Сүгірәлиева "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу-баршамызға ортақ міндет" тақырыбында санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қазақ тіл маманы Борахаева Нургул сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетіміздің әлеуметтік дамуын тежейтінін айтты. Сондай-ақ, оқушылар сыбайлас жемқорлық болашақтарына балта шабатын қауіп екенін айтып өтті. Өз ойларын еркін, сауатты жеткізе білген Баймахамбет Асылжан, Әліпова Нұрай, Ятай Бибігүл, Зәкір Шұғыла, Мәлік Жанаруға алғыс білдіреміз.