Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2022

«ЖЕҢІСІМ - ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЛАДЫ!»

«ЖЕҢІСІМ - ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЛАДЫ!»

Шымкент қаласы білім басқармасының Қосымша білім беру оқу салалық орталығының 2022 жыл 2 желтоқсандағы №141 хатын негізге ала отырып, 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің дене шынықтыру пән бірлестігі «ЖЕҢІСІМ - ТӘУЕЛСІЗДІККЕ АРНАЛАДЫ!» атты 2-10 сынып оқушылары арасында шахматтан мектепішілік жарыс өткізді.
Жарыстың мақсаты: оқушылардың шахматқа деген қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға, нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Жарыста ойының жүйріктігімен 8 сынып оқушысы Бегім Ерасыл жүлделі І орынды, 9 сынып оқушысы Есен Марғұлан ІІ орынды, 5 сынып оқушысы Бақыт Нұрасыл ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, үздік ойыншылар анықталып, марапатталды.

#Балалар_жылы
#Тәрбие_құндылықтары
#Тәуелсіздік_тұғырым








Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив