Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сентябрь
2019

"Мың бала" қозғалысы №62 мектепте

Шымкент қаласындағы №62 Нәзір Төреқұлов атындағы жалпы орта мектепте 2013-2014 оқу жылының қаңтар айынан   бастап «Мың бала» жобасын эксперименттік алаң ретінде енгізу жоспарланды.   Бұл жобаны енгізудегі басты мақсат тәрбие жұмысының үздік модулін жасай отырып,  өскелең ұрпаққа  сапалы білім мен саналы тәрбиені қатар енгізу, Отанға деген ұлтжандылық сезіммен, сүйіспеншілікті қалыптастыру. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында   белең алып келе жатқан құқықбұзушылықпен күресу мақсатында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға бағыттау. Нарық заманындағы ата-аналардың қадағалауынсыз қалған балаларды мектепке тарту жұмыстары арқылы ата-анаға моралдық - рухани көмек көрсету. Оқушының өзін қоғамға қажеттілігін түсінуге, соның негізінде мектебіне, мұғалімге, ата-анаға деген құрметі мен ынтымақтастығын арттыруға күш салу. Бұл жобаның мақсаты негізінен  орталықтан қашық тұратын мектептердегі  оқушыларды сабақтан тыс кезде мектеп жанынан ашылған орталықтарға тарту. Соның негізінде оқушыларды бейімі мен қабілеттеріне қарай орталықтардағы бағыттарда жұмыс   жасауына жағдай жасау. Бұл оқушылардың бос уақытта ата-аналардың қарауынсыз қалған сәттерінде құқықбұзушылықтың орын алмауын және пайдалы істермен айналысып,  қабілеттері мен дарынын ұштай түсуіне жағдай жасау.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив