Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » "АБАЙ ӘЛЕМІМЕН ӨМІР СҮР!" ФИЛОЛОГ, АБАЙТАНУШЫ ОМАР ЖӘЛЕЛМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
02
апрель
2022

"АБАЙ ӘЛЕМІМЕН ӨМІР СҮР!" ФИЛОЛОГ, АБАЙТАНУШЫ ОМАР ЖӘЛЕЛМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылар бойына рухани адамгершілік тәрбиені сіңіру, Абай ілімін насихаттау мақсатында   белгілі ғалым, Абайтанушы, филолог, "Харекет", "Жақсы", "Махаббатсыз дүние дос" рухани мотивациялық кітаптардың авторы Омар Жәлелұлымен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесуге мектебіміздің ата-аналары,  ұстаздары, оқушылары  белсене қатысып, көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.  Рухани ұстаз бала тәрбиесі, білімнің негізі, ұлтжандылық жайлы әңгіме қозғады.  Кездесу барысында Омар Жәлелұлы оқырмандарына қолтаңба беріп, мектептің «Естелік жазбалар кітапшасына» өз тілегін қалдырды. Кездесу соңында мектеп директоры Әлия Асқарқызы мектеп ұжымы атынан алғыс айтып,  шығармашылығына табыстар тіледі. 
           Кездесуде маңызды дүниелер сөз етіліп, оқушылардың  білімге деген құштарлығы, Отанға деген сүйіспеншілігі,  кітап оқуға деген қызығушылығы арта түсті.
           Кездесуді ұйымдастырған МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ алғыс білдіреміз!










Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив