02
март
2019
1 наурыз - Алғыс айту күні!
2015 жылдың 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, осы жарлыққа сәйкес көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді.
Алғыс айту күні - ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір - бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден - бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. РАХМЕТ!!!

