Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2019

Нәзір Төреқұлов


Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде, мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиетші, ғалым-ағартушы, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дипломат Нәзір Төреқұловтың туған күніне 127 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Алаштың асыл перзенті" онкүндік декадасының қорытынды кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне Шымкент қаласы саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры-Серғазиев Батырғазы Арынғазыұлы, Түркістан облысы тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі-Ақжигитова Құндызай Сейлханқызы, Түркістан қаласы № 8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптардағы тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары-Ибрагимова Мырзакул Пайызқызы, мектебімізде 1999-2018 жылдар аралығында басшылық қызмет атқарған, қазіргі таңда зейнеткер ұстаз-Алтынбекова Замира Дотақызы және біршама құрметті қонақтар қатысып, Н. Төреқұловтың өмір жолы мен қызметінен, шығармашылығынан құнды мәліметтер беріп, тың деректерімен оқушылармен бөлісті. Кездесу соңы Нәзір ізбасарларының "Нәзірдің нәзік жырлары" тақырыбындағы концерттік бағдарламасына ұласты. Елім деген, елін сүйген ұлын ұлықтайтын елі барда Нәзір есімі мәңгі жасай бермек, жасайды да!

Похожие публикации:

30 сентябрь 2019 "Адал ұрпақ"
03 сентябрь 2019 Паспорт
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив