20
декабрь
2022
«ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨЛЕҢДЕРДІ ТРОП ТҮРЛЕРІНЕ ТАЛДАУ»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі «Тәуелсіздік – тірегім» атты пән бірлестіктерінің мерекелік іс-шарасына орай, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Кекилова Жадра Ерсиновна 7 а, б, в сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 20 желтоқсан күні «Тәуелсіздікке байланысты өлеңдерді троп түрлеріне талдау» атты сайыс сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын ояту, әдеби шығарманы дұрыс ұғыну, троп түрлерін ажырата білу, өлеңнің құрылысын талдау. Сабақ барысы төрт бөлімнен тұрды. Өлеңдерді троп түрлеріне талдау, құрылысына қарай талдау, «Қонақ кәде сұрақтары» және мәнерлеп оқу. Әр бөлім бойынша сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар троп түрлеріне анықтама беріп, өлеңдерден тауып, құрылысына қарай талдады. Сабақ өте тартысты өтті. Әділ қазы мүшелері өз бағасын берді. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Борахаева Нургул Перманқызы, тарих пән мұғалімі Орынбаева Айтолқын, ағылшын тілі пән мұғалімі Айтимбетова Гаухар, биология пән мұғалімі Бектуреева Алма және әдістеме ісі жөніндегі директордың орынбасары Байгараева Әсем Жүнісқызы оқушыларға жылы тілектерін айтып, белсенділіктері үшін алғыстарын білдірді. Ең жоғары ұпайды 7 б сыныбы жинап, І орын иеленді.