Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалды сайыс (3 сыныптар)
25
ноябрь
2021

«Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалды сайыс (3 сыныптар)


[/center]
«Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалды сайыс (3 сыныптар)

Мақсаты: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. Түрі: интеллектуалды дамытпа, сайыс сабақ.
Әдісі: өтілген материалды қайталау, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, ізденушілік.
Көрнекілігі: жоспары, интерактивті тақта.


Ойын барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Қатысатын оқушыларды анықтау. Топтарға бөлу. Жарыс ережесімен таныстыру.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Біз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.


Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты білімге қызығушылар.
Естігенін естіп тұрып,
Оқығанын миға тоқығандар.

Жүргізуші:
-Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
-Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бұл сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
Бұл сайыс-үлкен еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
-Енді сайысымыздың өтілу ережесімен танысыңдар:

1. Таныстыру және топ басшысының тілектері.
2. «Жалғасын тап» ойыны.
3. Кім шапшаң?
4. Сен білесің бе? Сұрақ-жауап алысу
5. «Ұшқыр ой» (Берілген әріптердің ішінен мағыналы сөздерді табу)
6. «Іздеген жетер мұратқа». Сиқырлы ұяшықтар.
7. «Ойлан тап» Жұмбақтар шешу

Жүргізуші: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Бәрін білгім келеді» ойынына қош келдіңіздер демекпін! Бұл сайыста мектебіміздің 3 сынып оқушыларының ең тапқыр, алғыр, білгір оқушылары өз білімдерімен сынасады. Енді ортаға сайысқа қатсушы жас достарымызды ортаға шақырайық.


-Жүрегінде от,
Көздерінде жалын бар- дей келе 3 «А» сынып оқушылары: Баймағамбет Али, Жетербай Сезім, Нұркәрім Амира. Сынып жетекшісі Бөлеева Назира Рустемқызы.


-Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты- дей келе 3 «Ә» сынып оқушылары: Махмут Омарбек, Асыланұлы Асылжан, Орынбай Алихан. Сынып жетекшісі Палашова алия Кенесбековна.


-Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты- дей келе 3 «Б» сынып оқушылары: Еркін Кәусар, Абдикалид Әмірхан, Шынжігіт Арунаны шақырайық. Сынып жетекшісі Куралова Аякөз Дүкенбайқызы.


-Асып әсте саспайтын,
Батыл қадам бастайтын- дей келе 3 «В» сынып оқушылары: Алишеров Дархан, Дүйсебай Жантөре, Орын Мардан. шақырайық. Сынып жетекшісі Алибекова Перизат Сатыбалдина.


-Еркін сөйлеп барынша,
Жарыстан сірә қалмайтын- дей келе 3 «Г» сынып оқушылары: Қауымбек Қлжалғас, Момен Абдрахман, Тулибай Бағдәулет. Сынып жетекшісі: Пралиева Мадина Кенжебековна.




Жүргізуші:
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділ-қазылармен танысайық.
1.Битаева Айжамал
2. Ахатева Ғазиза
3. Аманова Салтанат

ІІ. Ойын барысы.
1 сайыс. Таныстыру және топ басшысының тілектері.
І-топ «Алғырлар»
ІІ-топ «Зеректер»
ІіІ-топ «Тапқырлар»
ІY-топ «Дарындылар» Y-топ «Білгірлер»




2 сайыс. «Жалғасын тап» ойыны. (Мақалдар)
І-топ «Алғырлар»
а) Күш-білімде, білім-....... (кітапта)
ә) Көп жасаған білмейді,-
....................................... (Көп көрген біледі)

ІІ-топ «Зеректер»
а) Білім қымбат, ................ (білу қиын)
ә) Ердің атын .................. (еңбек шығарады)

ІІІ-топ «Тапқырлар»
а) Ақыл-тозбайтын тон
.......................................... (Білім-таусылмайтын кен)
ә) Шебердің қолы .................. (көпке ортақ)

ІY-топ «Дарындылар»
а) Оқусыз білім жоқ,
..................................... (Білімсіз күнің жоқ)
ә) Еңбек ерлікке жеткізеді,
.......................................... (Ерлік елдікке жеткізеді)
Y-топ «Білгірлер» а)Жас кезімде бейнет бер, .......................................... (Қартайғанда дәулет бер) ә)Білімнің алды жарық, ....................................... (Білімсіздің күні ғаріп


3 сайыс. Кім шапшаң?
І-топ «Алғырлар»
Шалшық, балшық,
Балшық, шалшық,
Балшықтан ал шық.


ІІ-топ «Зеректер»
Шеше, шеше,
Неше кесе
Сынды кеше?


ІІІ-топ «Тапқырлар»
Жабайы маралдар бар,
Араларында жаралы маралдар бар.


ІY-топ «Дарындылар»
Қыс қатты-ақ
Қыспаққа ап,
Құс тоңып жүр
Қыстап қап.

Y-топ «Білгірлер» Іске тіл ілесе алады, Тілге іс ілесе алмайды.

4 сайыс. Сен білесің бе? Сұрақ-жауап алысу.
І-топ «Алғырлар»
1. ҚР-ы өз тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991ж 16 желтоқсан)
2. Ата заңымыз қай күні, қай жылы қабылданды? (30 тамыз 1995 ж)
3. Бес асыл, бес дұшпан туралы өлеңді кім жазған? (А. Қнанбаев)
4. Жеті күнді атаңдар. (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі(


ІІ-топ «Зеректер»
1.ҚР-ның мемлекеттік Елтаңбасының авторларын ата. (Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
2.Біз қай облыста тұрамыз? (Түркістан)
3. Күйді орындайтын адамды кім дейді? (күйші)
4. Ай атауларын ата. (қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан)


ІІІ-топ «Тапқырлар»
1. ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
2. Адам денесінде неш жұп қабырға бар? (12 жұп)
3. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім? (А. Байтұрсынұлы)
4. Жаяу Муса кім, оның қандай өлеңдерін білесіңдер? («ГауҺар тас», «Бозторғай», «Ақсиса»)


ІY-топ «Дарындылар»
1. Биыл ҚР-ның Тәуелсіздігіне неше жыл болады? (23)
2. Екі ақынның өлең жарысы қалай ааталады? (Айтыс)
3. Жеті атаны айт. (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
4. Қазақ үйдің бөлшектерін ата: (шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық)

Y-топ «Білгірлер»
1. Президент халыққа не жолдады. (Жолдау)
2. Қазақ балаларына алғаш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин) 3. Өз алдына дербес мемлекет. (Тәуелсіз)
4. Түйе малының сүтінен дайындалатын сусын қалай аталады? (шұбат)



5 сайыс. «Ұшқыр ой» (Берілген әріптердің ішінен мағыналы сөздерді табу)
Асықпаймыз, саспаймыз,
Ұшқыр ойға бастаймыз.
Тақтадағы сөзден,
Мағыналы сөз құраймыз.
Здбалагбнанврдкитидакөзқлтағажбоқулықпбтас

6 сайыс. «Іздеген жетер мұратқа». Сиқырлы ұяшықтар (әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі, дүниетану пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар өздері ұяшық таңдайды.
-Ал дайынбыз ба? Кезек 1-ші топта

Әдебиеттік оқу
1. Абылайдың азавн шақырып қойған аты. (Сабалақ)
2. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)
3. Абылай ханға Төле бидің қойған аты. (Сабалақ)
4. «Дала жұлдызы» деп кімді айтамыз? (Ы.Алтынсарин)
5. «Әке арманы» мәтінінің негізгі кейіпкерлері кімдер? (Абай мен Әбіш)
6. «Білімдіден шыққан сөз» кімнің өлеңі? (А.Құнанбаев)
7. Өмірде болған адамға қатысты құралған халық шығармасы? (Аңыз)
8. Үш биді ата: (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
9. «Халық қорғаны» мәтініндегі батыр кім? (Қаракерей Қабанбай)
Математика
1. Ұзындық өлшем бірліктерін атаңдар: (мм, см, дм, м, км)
2. Шаршының қабырғасының ұзындығы 4 см боса, периметрі нешеге тең? (16 см)
3. 9 бен 4 көбейтіндісі нешеге тең? (36)
4. Екі әке, екі бала театрға билет алды. Театрға неше адам билет алды? (3)
5. Өздерің білетін геометриялық фигураларды атап беріңдер: (тіктөотбұрыш, шаршы,..........)
6. Санды нөлге көбейткенде мәні нешеге тең болады? (нөлге)
7. Ең кіші төрт таңбалы сан. (1000)
8. 45 пен 9 бөліндісі нешеге тең? (5)
9. Бөлу амалының компоненттерін ата: (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)
Қазақ тілі
1. Мәтіннің түрлерін атаңдар. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
2. «Хат» сөйлеудің қай түріне жатады? (жазбаша(
3. Негізгі сөйлем мүшесін ата. (бастауыш)
4. «Көлшік» сөзінің түбірін тап (көл)
5. Не істеді? Қайтті? Не қылды? Қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (баяндауыш)
6. Айтылу мақсатына қарай сөйлем нешеге бөлінеді? (үшке: хабарлы, сұраулы, лепті)
7. Қос бұйірін таянып,
Тұратұғын қай әріп? (Ф)
8. «Батыр» сөзіне мәндес сөздерді тап. (ержүрек, батыл, қайсар...)
9. «Отыз жеті» сөзі қай сөз табына жатады? (сан есім)
Дүниетану
1. Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жануар, өсімдік)
2. Әр адамның шағын отаны. (отбасы)
3. Адам денесінің тірегі не? (қаңқа)
4. Сезім мүшелеріне нелер жатады? (көз, мұрын, құлақ, тіл, тері)
5. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі не? (карта(
6. Көкжиектің неше тұсы бар? (4 тұсы бар(
7. Қу жануар. (түлкі)
8. Адамның ішкі мүшелері нешеу және оларды ата: (өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, ми, жүрек, қарын, қуық)
9. Тәжірибе дегеніміз не? (шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу, танып білу)
Жаратылыстану 1.Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайларды ата?(ауа, жарық, жылу, су, қорек) 2.Өсімдіктің жылуды көбірек алатын мүшесі (жапырақ) 3.Таза ауада ұзақ жүру неліктен пайдалы?(денсаулықтың жақсы болуы үшін) 4.Ас қорыту жүйелерін ата (ауыз қуысы, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек) 5.Дұрыс тамақтану дегеніміз не? (құрамында нәруыз, май, көмірсулар сияқты құнарлы заттары бар тамақты тиісті мөлшерде қабылдау)



7 сайыс. «Ойлан тап» Жұмбақтар шешу.
-Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер биылдан бастап орыс тілін де оқып үйреніп жатырсыңдар. Ендеше бұл тілді де қоса меңгеріп алғандарыңңң жөн екен. Орыс тілі ұлтаралық тіл, үйренгеннің артықтығы жоқ.
Сондықтан қәзір әр топқа үш жұмбақтан оқимын, сендер сол жұмбақтардың шешуін тауып, оны орысшаға аударасыңдар. Кәне, дайынбыз ба? Ендеше тыңдай қойыңдар.
І-топ «Алғырлар»
1. Өзі сондай ақ,
Жесең тәтті-ақ. (Қант-сахар)
2. Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (Аю-медведь)
3. Жазу жазып жалықпаған
Жаза-жаза арықтаған. (Бор-мел)


ІІ-топ «Зеректер»
1. Өзі таудың бөктерінде өседі
Жаңа жылда үй төріне көшеді. (Шырша-елка)
2. Білімнен мол сый асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп-школа)
3. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (Кітап-книга)


ІІІ-топ «Тапқырлар»
1. Мамықтай ұлпа, қанттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (Қар-снег)
2. Ұшып, қонып тынбайды
Жерге соқсаң сынбайды
Суға салсаң батпайды
Түскен жерге жатпайды. (Доп-мячь)
3. Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (Сабын-мыло)


ІY-топ «Дарындылар»
1. Өзі жуас, өзі момын,
Бір шешпейді тонын. (Қой-баран)
2. Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. (Қарбыз-арбуз)
3. Оқушыға күнде еріп,
Жүретін не? (Күнделік-дневник)
Y-топ «Білгірлер» 1.Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм-учительница) 2. Оқу-бiлiм аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы. (Сөмке-сумка) 3. Жұқа тақтай бөлшегi,
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш-линейка)
Жүргізуші.
Жарысымыздың соңғы сәті таяп қалды,
Ал, қазір әділқазы сөз алады.
Жарыстың жеңімпазын анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
ІІІ. Жарысты қорытындылау.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив