08
сентябрь
2023
"Қазақ фольклорымен сусындау"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 5 қыркүйек "Тілдер күні" мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің "Мәңгілік ел - мәртебелі тіл" тақырыбында онкүндік іс-шара жоспары аясында 5б және 5г сыныптары "Қазақ фольклорымен сусындау" тақырыбында Әл Фараби кітапханасына саяхат сабақ жасады. Жетекшілері: Бимбетова Роза, Ералиева Перизат. Оқушылар, кітапханадағы түрлі кітаптармен танысып, халық ауыз әдебиетімен сусындады.







