Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
сентябрь
2023

"Оқуға құштар мектеп" жобасы

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н. Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 5 қыркүйек "Тілдер күні" мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің "Мәңгілік ел - мәртебелі тіл" тақырыбындағы онкүндіктің іс-шара жоспары, "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Абай кітапханасымен бірлесе отырып, оқушылардың оқыған шығармаларын талдау жасады.
Мақсаты: балалардың кітапқа құмарлығын оятумен қатар, танымдық-мәдени дамуына жол ашу. Оқушылардың оқу мәдениетіне тәрбиелеу, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, ең бастысы кітап оқуға құштарлығын шыңдау болып табылады. Осы мақсат аясында мектебіміздің 9-сынып оқушылары кітапханаға барып, өздерінің шығармаларын талдады. Талдау барысында оқушылар белсенділік танытты. Осы бастама әлі де жалғасын табады деп сенеміз. Жетекшілері: қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері: Калауова Г, Шегирбекова Н.

https://www.facebook.com/share/p/1pPuaLqo5vgnEpGz/?mibextid=qi2Omg
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив