24
май
2024
2023-2024 оқу жылындағы мектеп кітапханасының есебі

туралы мәліметі
Бүгінгі таңда барлық азаматтардың алдында тұрған мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп кітапханасының жалпы кітап қоры 19612 дана, оның ішінде 16868 данасы оқулық, көркем әдебиеттер 2740 дана, электронды кітаптар 4дананы құрайды. 2023-2024 оқу жылының тамыз айында, жаңартылған білім мазмұны бойынша, қалалақ білім басқармасынан барлығы 563920 теңгеге 195 оқулықтар алынды. Оның ішінде 2 сыныпқа русский язык 6 сыныптарға сұраныс бойынша жетіспейтін оқулықтар алынды. Мектебімізде 796 оқушы болса, 585 оқушы оқырман формулярына тіркелген 80 - ге жуық ұстаздар ұжымы еңбек етсе олардың барлығы да оқырман есебінде тіркеліп, қажетті әдебиеттер мен көрнекіліктерді жаздырып алып отырады.
2020 жылы Презиндетіміз Қасым – Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында «Оқуға құштар мектеп» , «Кітап оқитын мектеп-кітап оқитын ұлт» жобасы қолға алынған болатын. Жобаның мақсаты: Оқушылардың әдеби кітап оқуға құштарлығын оятып және кітап оқуға тарту. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазіргі таңда мектеп кітапханаларының қоры көркем әдебиеттерге жақсы толықтырылуда. «Оқуға құштар мектеп» аясында кітапханада жоспар жасалынып іс – шаралар жүргізіліп, көптеген жұмыстар жасалынып жатыр.
Кітапханада 2023-2024 оқу жылында келіп түскен көркем әдебиеттерге «Ой маржаны кітап» атты кітап көрмесі жасалынып, жалпы оқырманға таныстырылды.
Күн сайын мектепке келген оқушыға « 20 минут кітап» оқыту дәстүрі қолға алынған.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханада М.Әуезовтың -125 жыл толуына орай «М.Әуезов –қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында 5,8 сыныптың оқушыларымен іс шара өткізілді.
Мектептің кітапханасында « Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында – Ахмет Байтұрсынов атамыздың 150 жылдық мерейтойына байланысты 6,7,8,9 сынып оқушыларымен «Ұлы ұстаз – Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқу» атты іс шара өткізілді. Іс шара соңында «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға – Ахмет Байтұрсынов» атты кітап көрмесі жасалынып таныстырылды. Кітапханасында 2-3 сынып оқушылары, сынып жетекшілер, кітапханашылармен бірге « Ертегілер елінде қонақта» атты іс шара өтілді.Әр сынып ертегілер кейіпкерлерінің киімін киіп, әр ертегіден қысқаша көрініс көрсетті. «Ертегілер елінде қонақта» атты кітап көрмесін жасады. Кітапхана меңгерушісі Айтменова Раушан қазақ әдебиетінің ұлы жазушысы,қоғам қайраткері,ғұлама ғалым М.Әуезовтің туғанына 126 жыл толуына орай библиографиялық шолу жасады. М.Әуезтің «Абай жолы» роман эпопеясы ғасырлық туынды ретінде бағаланып,қазақ ұлты мен ақын Абайды әлемге танытты.Мектеп оқушылары жазушының «Қорғансыздың күні», «Еңілік кебек», «Жетім», «Көксерек», «Кім кінәлі», «Қараш қараш» оқиғасы, «Қилы Заман» повестері, «Қаралы сұлу» әңгімелерімен танысты. Қазіргі таңда кітапханада оқырмандар санының ұлғайғаны көз қуантарлық жағдай. Әр адамның парасат пайымын, ой – өрісін жетілдіретін білім болса, сол білімнің қайнар көзі кітап екенін, сол кітаптың сақтаушысы да, жақтаушысы да кітапхана екенін оқырманға жеткізу біздің міндетіміз. Кітапхана есігіне біліміне білім қосамын деген жас ұрпақтың толассыз легінен жаңылмаса екен.
« Ертегілер әлемі» сахналық қойылым ұйымдастырылды. Бастауыш 3 сынып оқушыларының көрсеткен ертегілері « «Қызыл телпек», «Қошқар мен теке», «Алдайтын тақия», «Түлкінің туылған күні». Балалар өз өнерлерімен , ертегілер кейіпкерлерін шынайы көрсете білді.
«Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында 4 ә сынып оқушылармен конференциясы өтті.
« Біз ертегілер еліненбіз» атты іс-шара 2 в сыныбы оқушылармен өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен,ертегі кейіпкерлермен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру; Оқушылардың тілін қиялын,сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту,балалардың логикалық қабылетін,танымын дамыту,зейінін,ақыл-ой белсенділігін арттыру, тез ойлауға машықтандыру.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кейіпкерім» атты тақырыпта бастауыш сынып оқушылары, мектеп ұстаздарымен бірлесе отырып оқыған кітаптарына талдау жасады және әр тоқсандық демалыстарда «Кітаппен өткен демалыс күнім қызық» тақырыбында балаларды кітап оқуға шақырып отырамыз.Темірхан Жасия, Талғат Сезім, Мұхтар Мерей есімді оқырмандарымыз үнемі кітап алып отырады.Жоғары сынып оқушыларымен 9 «А» сыныбымен табиғатта кітап оқу ұйымдастырылды және мектеп фейзбугына жарияланды.
2024 жыл «Бір ел -бір кітап» республикалық акциясына жыл кітабы болып жазушы Бердібек Соқпақбаевтің шығармаларын оқу бекітілді.Б.Соқпақбаев – қазақ әдебиетінде өзіндік ерекшелігімен қалған, қазақ шындығын қарапайым тілмен әңгімелеу арқылы мөлдіретіп көрсете білген жазушылардың бірігейі.Бала жасынан өмір қиындығын көп көрген.Ұлы Отан соғысы жылдары мен одан кейінгі ауыр тұрмысты, басынан кешкен қиындықтарын әңгімелерінде ашып көрсетті.Б.Соқпақбаевтың 100 жасқа толуына орай 7 «Б» сынып оқушыларымен мектеп фойесінде жазушының шығармаларын оқып,оның өмірі мен балалық шағымен танысып, ойларын ортаға салды.
6 «Г» сынып оқушыларымен «Мен оқыған бір кітап» атты дөңгелек үстел өткізілді.Сабақтың мақсаты:оқушының ой өрісін дамыту, оқыған кітаптарын талдай отырып, сөздік қорын байыту, өз ойын еркін жеткізе білуге шақырып,кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.Әр оқушылар өзі оқыған кітабының авторы мен шығармасы туралы өз ойларын ортаға салды.
«Ұлы Отан соғысының қаһарманы,халық батыры С.Нұрмағанбетов және Р.Қошқарбаевтың өмір тарихы» атты 10 сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өтті.Бұл сабақтың мақсаты: оқушыларды Отанын,елін,туған жерін сүюге баулу,өз еліміздің батыр ұлдарының ерліктерін айту,адалдыққа, адамгершілікке, батырлыққа тәрбиелеу;1941-1945 жылдардағы соғыс туралы түсіндіріп,бейбітшілікті сақтап нығайтуға,мінезділікке, ұлтшылдыққа тәрбиелеу.Оқушылар үш топқа бөлініп батыр тұлғалардың өмірін,қызметін, ерліктерін баяндап берді.Сабақ өз дәрежесінде өтті.
« 23-сәуір халықаралық кітап күні» жыл сайын аталып өтіледі.Атап айтар болсақ 6 «Г» сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.Онда кітаптың адам өміріндегі маңызы мен рөлі,кітапқа деген сүіспеншіліктерін арттыру болып табылады.
Мемлекттік рәміздер – ұлттық мақтаныш, 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздеріне- 25 жыл тақырыптарында кітап көрмелері жасалды.
Кітапхана меңгерушісі Айтменова Р.П