Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Алаштың асыл ұлы Нәзір еді» оқырмандар конференциясы
03
октябрь
2022

«Алаштың асыл ұлы Нәзір еді» оқырмандар конференциясы


Тақырыбы: «Алаштың асыл ұлы Нәзір еді» оқырмандар конференциясы
Мақсаты: Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған Алаштың асыл ері Нәзір Төреқұлов жайлы кеңінен мағұлмат беру
Көрнекілігі: Нәзір Төреқұлов суреттері, буклет, кітаптары.
Ойын:" Шашылған әріптер" Осы әріптерді дұрыс жинасақ бүгінгі конфернциямыздың тақырыбын табамыз
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Алаштың асыл ұлы Нәзір еді» атты оқырмандар конференциясын өткізгелі отырмыз.
І – бөлім Кіріспе: Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Егемен мемлекет қалыптастырып, Қазақ елін өркениетті елдер қатарына қосуды мақсат тұтқан Алаш арыстары азаттықтың ақ таңын көрмей кетті. Бірақ бүгінде тәуелсіз елдің ұландары бодандықтың бұғауында болған сол уақытты, барша халық арқа сүйеген оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу зиялыларды мақтан тұтады. Қазақтың маңдайына біткен арда азаматтардың ерлігін үлгі тұтады. Қазақтың азаттығы жолында аянбай тер төккен Алаш азаматтары, ел игілігі үшін еңбек етті. Мемлекет – ұлттық бостандықтың, ұлттық тұтастықтың, тәуелсіздіктің кепілі. Мұны Алаш зиялылары жақсы түсінді. Сондықтан бәріне қарсы тұрып, бүкіл қазақ халқын азаттық жолына бастады. «Алаш арыстарының арман-мұраты сол кезеңдегі тарихи жағдайларға байланысты жүзеге аспай қалды. Дегенмен сол уақытта көтерілген ұлт-азаттық қозғалысы туралы идеялар қазақ халқының жүрегінде маздап, тек ХХ ғасырдың соңында, яғни 1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылды. Біз , «Төрткүл дүниемен тереземіз тең» десек, осы қастерлі ұғымдар Алаш идеяларынан нәр алған сол боздақтардың арманының орындалуы іспетті. Алаш зиялылары халықтың көкірегіне ғасырлар бойы шер болып қатқан азаттық туралы аңсарды, ел болу жайлы ұлы мәселені күн тәртібіне қойды. Алаш қайраткерлері ұлт-азаттық көтеріліс көсемдері ғана емес, олар ағартушылық, шығармашылық зиялы қауымның жарқын өкілдері болатын. Олар ешқандай материалдық байлықты көздеген жоқ. Алаш арыстарының тек бір ғана мақсаты болды. Ол – қазақ халқын егемен ету, азат қылу. Олардың әрқайсысы қазақтың ұлттық сана-сезімін дамытуға, ұлт болып ұйысуына үлкен үлес қосты. Осы мақсатта олар қарқынды белсенділік танытты. Егемен ел болуға ерен еңбек еткені баршаға аян. Осы орайда Ахмет Байтұрсыновтың мына сөзін атап өткім келеді: «Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Ал күшті болуға бірлік керек». Ахмет Байтұрсыновтың бұл сөзі бізге қашанда сабақ болады. Алаш өкілдері қазақ мемлекеттігінің іргетасын қалады. Өкінішке қарай, Алаш азаматтарының ізгі мақсаттары мен армандары сол кезеңдегі жағдайларға байланысты жүзеге аспай қалды. Олар ұлтына барынша адал болды, жан-тәнімен халқын сүйді, ұлттың болашағы үшін қызмет ету – олардың ұстанымы болғанын білеміз.100 жыл бұрынғы «Алаш» идеясы бүгінгі қазақ елінің «Мәңгілік ел» идеясымен сабақтасып, үндесіп, жалғасын тауып, рухани жаңғыруға бастап отыр. Алаш қайраткерлерінің асыл армандары бүгінгі таңда шындыққа айналды. Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта өз орнын ойып алып, егеменді ел ретінде бүкіл әлемге танылды. Қазақтың қамы үшін от кешуге даяр Алаш арыстары сотталды, жер аударылды, ату жазасына кесілді. Қазақ үшін ең ауыр жаза осы болды. Ұлттық рухымыздың тамырын жоюға тырысты. Атыс-шабысқа, қуғын-сүргінге толы болған жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ халқы небір асыл ұлда¬ры¬нан айырылып қалғаны тарихтан белгілі. Алаш азаматтарына ,қазақ зиялыларына "халық жауы деген жала жабылды.Алайда арада нешеме жылдар өткенде ақталып шындық тарих бетіне шықты.
Алаш партиясының көсемі болған Ахмет Байтұрсынұлының биыл 150 жылдығы болса,Ахмет Байтұрсынұлымен пікірлес болып халықтың мүддесін қорғауда, жастарды оқытып, ана тілін дамытуды көздеуде ниеттес тілектес болған адамдардың бірі Нәзір Төреқұловтың 130 жылдығы
ІІ бөлім Нәзір Төреқұловтың өмірі мен қызмет еткен кезеңдері
Азамат :Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды.
Зере : Алайда, 1937 жылдың қырғынында осынау қазақтың қаймағы болған арыстарымыз барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, басым көпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан аман қалғандарының өзі ұзақ жылдар бойында ескерусіз қалдырылды.
Нұркелді: Осылайша, қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Шоқай, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов т.б. көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бел ортасында Нәзір Төреқұловтың да есімі жарқырап көрінеді. Алаш идеясы бастарын біріктірген осынау саңлақтарымыздың қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы әрқайсысының түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз.

Айша : Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов та осы идея үшін күресті, азабы мен абыройы қатар түсіп жатқан, қатал да қатыгез тағдыр кешті. Оның өмір жолына қарап отырсақ, қоғамдық және саяси қызметінің барлық белестерінде алдымен ұлтына, туған халқына аянбай көмек беруге ұмтылғанын көреміз. Керек болса, осы мақсатта қолына қалам алып ғылыммен, әдебиетпен және журналистік қызметпен де айналысты. Соның арқасында қазақ әдебиеті мен өнері үшін, қазақ тіл ғылымы мен баспасөзі үшін, бір сөзбен айтқанда, жалпы қазақ тарихы мен руханияты үшін қаншама құнды дүниелер жазып тастап кетті.
Алиман : Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихтағы бірталай «ақтаң¬дақтардың» беті ашылып, бүған дейін айтылмай келген, айтылса да мардымсыз сөз етілген көптеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің есімдері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бастады. Міне, сондай тұлғалардың бірі – Нәзір Төреқұлов.
Алина: Нәзір Төреқұловтың өскен ұясы әулетті, ұлағатты, алған білімі құнарлы, тиянақты еді. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіпкердің отбасында дүниеге келді, өз заманына сәйкес білім алды. Мәскеу қаласында, сол заманның ең беделді жоғары оқу орындарының бірі – Мәскеу сауда институтының экономика факультетінде оқыды. Бірнеше тілдерді қатар меңгерді. Соның арқасында өз тұстастарынан оқ бойы озық тұрған нағыз зиялы жан болды
Жайна: Қалай дегенде де Нәзір Төреқұловтың қызмет еткен, тағдыр кешкен жылдарында, сонан соң азамат соғысы кезеңінде жинаған іс-тәжірибесі зая кетпеді. Кейінірек ол үлкен-үлкен жауапты қызметтерге сайланды.. Осының барлығы Нәзір Төреқұловтың қайраткерлік тұлғасын қалыптастырды, мемлекет ісін терең меңгеруге жол ашты
Алинұр: Нәзір Төреқұлов – өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарқырап шыққан жас қазақ қайраткерлерінің шоғырындағы ең ірі тұлғаларының бірі .

Темірлан : Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, елші, ғалым Төреқұлов Нәзір 1892 жылы Түркістан маңындағы Қандоз деген жерде туылған. 1900-1903 жылдары Қоқандағы медреседе, 1903-1905 жылдары осындағы орыс-түзем школында, 1905-1913 жылдары Қоқан коммерция училищесінде, 1913-1916 жылдары Мәскеу коммерция институтының экономика факультетінде оқыған.
С.Әмина: Ағартушы, қөсемсөзші ретінде Н.Тө¬ре¬құ¬ловты Түркістандағы ұлттық тілдер тағ¬дыры толғантпай тұра алмаған. Ол тұр¬ғылықты этностардың тілдеріне мем¬ле¬кеттік мәртебе берілгеніне, іс қаға第дарының жергілікті халық тіліне кө¬шірілгеніне, ұлттық мектептер мен кі¬тап өнімдерінің, бұқаралық ақпарат құрал¬дарының қатары өскеніне шынайы сүй¬сінді.
Батухан : .Түркі тілдес халықтардың ортақ әліпбиін латын әліпбиіне көшуді жақтады. Аталмыш баспаға жетекшілік жасаған жылдарда Қазақстаннан шеттелген Ә.Бөкейхан, М.Жұмабаев, Ә.Байділдинге жұмыс тауып беріп, оларға баспана жағынан көмек көрсеткен. Қазақ тілінде «Темірқазақ» атты журнал шығаруды ұйымдастырып, оған Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев секілді қазақ зиялыларын тартты
Л.Әмина: 1924 жылы Орынборда өткен Қазақ білімпаздарының бірінші сиезіне қатынасады. 1922 жылы жаңа түрік әліпбиін енгізу комиссиясының төрағасы болып сайланады. 1926 жылы Бакуде түріктанушылардың сиезіне қатысып, латын қарпі туралы сөз сөйлейді. 1928 жылы Орталық жаңа түрік әліпбиін енгізу комиссиясының құрамына енеді. 1928 жылы Сауд Арабиясындағы КСРО-ның бас консулы, КСРО-ның осы елдегі төтенше елшісі және өкілетті министрі болып тағайындалады.
Інжу: .1936-1937 жылдары Москва мен Ленинградта Шығыс халықтары институтының ғылыми қызметкері, оқу ісі жөніндегі проректоры. Н.Төреқұлов қайраткер ғалым ретінде отандық тіл білімі саласына үлкен үлес қосты. Түркістан тарихы туралы мақалалары ғылыми нақтылығымен көзге түседі. Қайраткер 1937 жылы 15 шілдеде ұсталып, 3 қарашада атылған.
Еркежан: 1958 жылы 28 қаңтарда КСРО Жоғарғы сотының шешімімен Сталиндік қуғын-сүргіннің күнәсіз құрбандықтары қатарында Нәзір Төреқұлов ақталып шығады.Бүгінде Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында Төреқұлов Нәзір есімімен аталатын көшелер бар. Оның есімі Шымкенттегі, Түркістандағы және Шолаққорғандағы орта мектептерге берілген. Түркістан қаласында Төреқұлов Нәзір мұражайы жұмыс істейді.



[center]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив