13
сентябрь
2023
"Жеті жұрттың тілін біл" кіріктірілген сабақ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 5 қыркүйек "Тілдер күні" мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің "Мәңгілік ел - мәртебелі тіл" тақырыбында онкүндіктің іс-шара жоспары аясында 13 қыркүйек күні 5 "А" сынып оқушыларымен "Жеті жұрттың тілін біл" тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білу, орфографиялық нормаға сай жазу.
Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ барысында деңгейлік тапсырмалар болды. Оқушыларды бағалау "Ашық журнал" әдісі бойынша жүргізілді. Сабақ мақсатына жетті. Сабақты қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Кекилова Жадра, орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі Салыхожа Азиза және ағылшын тілі мұғалімі Асильбекова Перизат жүргізді. Сабаққа мектеп мұғалімдері мен директордың әдістеме жөнінде орынбасары Байғараева Әсемкүл Жүнісқызы, мектеп директоры Бимұратова Әлия Асқарқызы қатысып, оқушыларға жылы тілектерін айтып, мұғалімдерге шығармашылық табыс тіледі.