12
октябрь
2023
Лингвистикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Республикалық Лингвистикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі болып өтті. Мектепішілік кезеңге 8-11 сынып оқушыларынан 17 оқушы қатысты. Мектеп директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Байғараева Әсемкүл Жүнісқызы оқушыларға сәттілік тілеп, олимпиаданы тапсыру ережелері қатаң сақталу керектігін ескертті. Оқушылар арасында ең жоғарғы ұпай жинаған 11а сынып оқушысы Мәлік Жанару Абзалқызы болды. Аталған оқушы мектебіміздің атынан қалалық кезеңге қатысады. Оқушымызға сәттілік тілейміз!


