21
ноябрь
2023
"Шортанбай мен Мұрат шығармаларының үндестігі" тақырыбында зерделеу сабағы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектепішілік басқару мен басшылық жоспарына сәйкес 21.11.2023 күні қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Кекилова Жадра 7б сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті пәні бойынша "Шортанбай мен Мұрат шығармаларының үндестігі" тақырыбында зерделеу сабағын өтті. Зерделеу сабақ жоспары зерделеу тобының мүшелерімен бірлесіп жасалынды. Зерделеу тобында тоғыз мұғалім бар. Олар: Сапахова Нарима, Агмасова Айман, Калауова Гульзира, Орынбаева Айтолқын, Сейдахметова Салтанат, Айтимбетова Гаухар, Куралова Аягөз, Нурсейтова Қаракөз атты мұғалімдер. Зерделеу сабаққа үш деңгейдегі оқушылар таңдалынып алынды. Сабақта жаңа АКТ құралдары пайдаланылды. Сабақ мақсатына сай тапсырмалар белсенді әдіс-тәсілдер арқылы іске асты. Сабақ барысында саралау тапсырмаларына оқушылар белсене қатысты. Оқушылар Ашық журнал арқылы бағаланды. Сабаққа зерделеу топ мүшелері мен директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Байғараева Әсемкүл Жүнісқызы қатысты. Оқушылардың білімге деген қызығушылықтары алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді. Пән мұғалімі Кекилова Жадраға келесі сабағына ұсыныстар айтылып, шығармашылық табыс тіледі. Зерделеу тобының мүшесі Нурсейтова Қаракөз С деңгейдегі оқушыны бақылап, шығармашылық жұмыстары өте тамаша шыққанын айтты. Қорытындылай келе, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Әсем Жүнісқызы оқушыларға: — Қазіргі кездегі Шортанбай мен Мұрат секілді тұлғалар кімдер? - деген сұрақ қойды. Оқушылар біреуі Даулет Мұқаев десе, енді бірі Ринат Зайытов деп жауап берді. Осы сұрақты толық үйде зерттеп келуін оқушыларға тапсырды.







