31
январь
2023
«Біз, сізді жарқын әлемге жетелейміз»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 23.01-27.01.2023 аралығында «Біз, сізді жарқын әлемге жетелейміз» атты бірлестік жетекшілер апталығы өтті. Апталық барысында мектебімізде он тірек мектептерге тәжірибе алмасу бойынша қалалық семинар өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшісі Кекилова Жадра 7в сыныбымен «Ғаламтор және кітап. Түнгі кітапхана» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа қаладан келген қонақ ұстаздар және мектеп ұстаздары қатысты. Сабақ барысында оқушылар үш топқа топтастырылып, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыны Ашық журналмен бағалау жүйесі көрсетілді. Kahoot ойыны арқылы грамматикалық тапсырмалар орындалды. Үй тапсырмасы «Бір сөйлем» әдісі бойынша сұралды. Оқушылар «Түнгі кітапхана» туралы өте көп қызықты мәліметтер айтты, талдау жұмыстарын жасады. Тыңдалым, яғни оқу мақсатына сай Абайдың 31 қарасөзін тыңдау арқылы тірек сөздер мен тіркестерін тауып, оларды синонимге ауыстырып, жинақы мәтін жазып шықты. Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар өте белсене қатысты, келген қонақтар жақсы баға берді.







