24
январь
2023
"Жусан иісі"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 7 «В» сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Сайын Мұратбековтің «Жусанның иісі» повесін талқылады.
Сайын Мұратбеков - қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік, шын талантымен шырқау көкке көтерілген дарынды жазушылардың бірі. «Жусанның иісі» повесі - халықтың соғыстан кейінгі тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігін шынайы сомдаған туынды. Шығармада Аян атты жасөспірім бала өміріндегі белгілі бір кезеңінде болған оқиғаларды баяндайды. Әкесі мен анасынан ерте айырылған, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан ағасын күткендігі туралы жазылған повесть әр оқырманның жүрегінен орын таба білген. "Жусан иісі" повесі - қазақ әдебиетінің көркемдік көкжиегін кеңейткен шығарма.
Оқушылар шығарманы талқылауға белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті.