Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
январь
2024

Ақылды бейсенбі "Елбасы медаль" иегерлерімен

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес, әр бейсенбі "Ақылды бейсенбі" болады. 18.01.2024 күні "Ақылды бейсенбіні" 7-сынып жетекшілері Қуанбай Назира, Кекилова Жадра, Акбарова Карлығаш және Ералиева Перизат мектебіміздің "Елбасы медаль" иегерлерімен кездесу ұйымдастырды. "Елбасы медаль" "Күміс медаль" иегерлері 11ә сынып оқушысы Баймахамбет Асылжан, 10б сынып оқушылары Ержанова Жансая, Түлен Мерей, Серік Камила, Күмісбек Диана оқушыларға "Елбасы медалі" жобасы туралы толық мәлімет айтты. Жоба жас ерекшеліктеріне қарай бөлінетіндіктерін, жобаның бағыттары бойынша ойларын білдірді. Жоба бойынша оқыған кітаптары туралы, жобада болған қызықты кездесулер мен қызықты сәттерін де баяндады. 7-сынып оқушылары "Елбасы медаль" иегерлеріне түрлі сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Оқушылар қатты қызығып, 14 жасқа келгенде міндетті түрде қатысып, мектеп қоржынын толтыратынын айтып кетті. Кездесу соңында оқушылар өнерлерін паш етіп, тамаша көңіл күй сыйлайды. 7-сынып жетекшілері атынан "Елбасы медаль" иегерлеріне кішігірім сыйлықтар берілді. Бұл "Ақылды бейсенбі" 7-сынып оқушыларына мотивация берген кездесулердің бірі болды.
"Болашақ—білімді жастардың қолында" демекші білімді жастарымыз көп болсын, оқушыларға толағай шығармашылық ізденістер тілейміз!








Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив