Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2022

Білімді жетер мұратқа

[/center]
Сабақтың тақырыбы: «Білімді жетер мұратқа» квест-жарыс. 2- сыныптар
Сабақтың мақсаты: оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Сабақтың типі: сыныптан тыс жұмыс.
Сабақтың жабдықтары: тапсырмалар, ойыншықтар,жұмбақтар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, әдебиет, жаратылыстану .
Сабақтың барысы:
Жүргізуші:
-Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихтағы бірталай «ақтаңдақтардың» беті ашылып, бұған дейін айтылмай келген, айтылса да мардымсыз сөз етілген көптеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің есімдері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бастады. Міне, сондай тұлғалардың бірі – Н.Төреқұлов.
Н.Төреқұлов – өткен ғасырдың жарқырап шыққан жас қазақ қайраткерлерінің шоғырындағы ең ірі тұлғаларының бірі.
- Бүгінгі сабағымыз Нәзірдің 130 жылдық мерейтойына арналады. Сабағымызға 2 сыныптың оқушылары қатысады. Олай болса, бастаймыз
1 оқушы
Н. Төреқұлов – 1892 жылы , Түркістан өлкесі, Қандөз ауылында дүниеге келген.

2 оқушы
Н.Төреқұлов – елші, қоғам қайраткері, тарихи тұлға, революционер, әдебиетші, сыншы, ақын, ғалым, шығыстанушы, саясаткер, журналист.

3 оқушы
1905 жылы Қоқандағы сауда – саттық училищесіне оқуға түседі. Училищені 1913 жылы бітіріп, Мәскеу институтына түседі.

4 оқушы
Нәзір орыс тілімен қатар, неміс, француз, түрік, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген.

5 оқушы
Жиырмасыншы жылдардың бас кезінде мұсылмандардың кәделі мейрамы – Құрбан айттың үш күнін демалыс күндері деп жарлық шығарған да Нәзір болатын.

6 оқушы
Артыңда елің қалды жөн білетін,
Осындай ағамыз бар деп жүретін.
Рухыңа басымды иіп, тағзым жасап,
Менің де жыр төгетін келді ретім.

7 оқушы
Жұлдыздай өте шыққан жалындаған,
Дедік қой Нәзір ағам – ғалым адам.
Нәзірді сыйлаған ел аман бол,
Ырысың шығар, сірә, қалықтаған.



8 оқушы
Қазағым, анау- мынау ел емессің,
Сіздерге ақыл айтар мен емеспін.
Сұлтанбек, Тұрар, Нәзір шыққан сенен
Құдай-ау, сен ешкімнен кем емессің!

Жүргізуші:
-Рахмет, балалар. Олай болса, ары қарай жалғастырайық. Мен сабақтың мақсатымен таныстырып өтейін. Бүгін бізде квест – саяхат сабақ.
Квест – ағылшын тілінен аударғанда «іздеу» немесе «оқиға» дегенді білдіреді. Кез келген оқиғаны іске асыруда іздену арқылы жүзеге асыратын ойын, тапсырмалар.
Мақсаты: келесі тапсырмаға өтуге көмектесетін жауап табу.
Шарты: барлық тапсырманы орындауда ережені сақтай отырып, әділ ойнау.
-Сабақ барысында жүру бағытымызды анықтауға көмектесетін түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындайтын боламыз.

1 аялдама – «Математика аралы» аялдамасы.
Жұмбақты шешу қажет.
Қабат- қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама.( Шешуі: кітап).
-Енді осы залдың ішінен кітапты табыңдар. Кітаптың ішінде тапсырма бар. Сол тапсырманы дұрыс орындасаңдар, келесі аялдамаға жолдама аласыңдар.
1 – тапсырма.Белгісіз сандарды табыңдар.
...+ 12= 14 20- …= 15 …- 4 = 12

2- тапсырма. Теңдеулерді шешіңдер.
Х – 4 = 10 19 – х = 11 х + 4 = 10

3- тапсырма.Логикалық тапсырма.
Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяқтары бар.Жануарда неше аяқ бар?( 4 аяқ).
2 аялдама – «Өлең оқу» аялдамасы.
Жұмбақты шешіңдер.
Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады.Шешуі: есік
Келесі тапсырма осы жұмбақтың шешуінде жасырулы тұр.
Тапсырмалар:
*Топ мүшелері 2 өлеңді мәнерлеп оқып беру қажет.
* Қазақ ақындарын айтыңдар.

3- аялдама – «Мақал – мәтел» аялдамасы.
Жұмбақты шешіңдер.
Екі желі-
Күйдің көрігі,
Әннің көлігі. Шешуі: домбыра.
Келесі тапсырма домбырада жасырынған.
Мақал – мәтел айтыңдар.



4- аялдама-- «Кім тапқыр?» аялдамасы
Таңдайы тақ , тақ,
Талмайтын неткен жақ.
Бір өзінде екі тіл,
Сөйлемейді бірақ. Шешуі: сағат.
-Келесі тапсырма сағатта екен. Алып, орындаңдар.
* Жабық көзбен нені көруге болады?( түсті).
* Тауық өзін құспын деп айта алады ма? ( жоқ, ол сөйлей алмайды).
* Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді? (15 мин),
* Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды?( тақырбас адамның).
* Сиыр неге жерге жата жатады? ( сиыр отыра алмайды).

5- аялдама- «Ой сергіту»
Жұмбақтың шешуін табыңдар.
Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді.
Қабат, қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді. Шешуі: орамжапырақ.
-Келесі тапсырма орамжапырақта.
* Өзінше ноян,
Қорқақ кім? ... қоян
*Тұмсығымен шымшып,
Құрт тереді ... шымшық.
*Бата алмас түлкі,
Үсті тікен ... кірпі
*Маңайын түгел көріп,
Биіктен қарайды ... керік
*Алмастан тыным,
Шабады ... құлын
6- аялдама – «Қазынаны тап»
-Ең соңғы аялдамамыз. Ең соңғы жұмбағымыз.
Оқу – білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы. Шешуі: дәптер.
-Дәптерді табайық. Тапсырманы орындайық. Дұрыс орындасақ, сыйлықты табамыз.
* Өсімдіктерді неше топқа бөлеміз? Атап шық. ( Ағаштар, бұталар, шөптер).
* Судың неше күйі бар? (3 күйі бар: сұйық, бу, қатты).
* Бір жылда неше мезгіл бар? ( 4 мезгіл: қыс, көктем, жаз, күз).
* Өсімдікке тамыр не үшін қажет?( топырақтан су мен қоректік заттарды сіңіреді, өсімдікті топыраққа берік орнықтырады).

-Балалар, қараңдаршы! Бұл не қорап? Сыйлық деген жазу бар екен. Ашып көрейік. Балалар, бәрімізге сыйлық бар екен. Керемет!
Қорытынды ( барлығы бірге).
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
Меңгергендер осыны,
Шын биікке шығады.


















4
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив