Іс-тәжірибе жинақтаушылар мен педагогтің оқыту үдерісіндегі әрекетті ұйымдастырудың сабақтастығы
Ақпанның 6-10 аралығында бастауыш сынып бірлестігінде «Іс-тәжірибе жинақтаушылар мен педагогтің оқыту үдерісіндегі әрекетті ұйымдастырудың сабақтастығы» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері мен Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі “ мамандығы бойынша іс-тәжірибе жинақтаушы студенттермен бірлесе ашық сабақтар апталығы өтті.
Болашақ педагогтарға әдістемелік-ақпараттық көмек көрсету, кәсіби құзіреттіліктерін арттыруға жағдай жасау, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулуда пән мұғалімдері қолдау көрсетті.