Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2023

Ашық сабақ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі математика-информатика пән бірлестігінің «Математика ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты апталығы аясында математика пән мұғалімі Қуанбай Назира 6 «А» сынып оқушыларымен «Тік бұрышты координаталар жүйесі. Координаталық жазықтық» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Гүлге тілек» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, жағымды ақуал қалыптастырды. Үй жұмысын интерактивті тақта арқылы тексерді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстырды. Сергіту сәтін сәтті ұйымдастыра білді. Сонымен қатар,  «Кел бірге» әдісімен топтық жұмыс, «Жұбыңмен кеңес»  әдісімен жұптық жұмыс жүргізіп, «Бас бармақ» әдісімен кері байланыс жасатылды. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Ашық журнал арқылы барлық оқушы бағаланды. Сабақ қызықты өтті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив