Елеуова Гульмира Амангельдиевна
№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Г.Елеуова
Тақырыбы: «Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілі – білім сапасын арттыру құралы»
Мақсаты: Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін
дамыту.
Күтілетін нәтиже: 1. Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеу жолдарын біледі.
2. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуді сауатты жоспарлай алады.
3. Өз тәжірибелерінде орынды пайдалана алады; Әдіс-тәсілдер: рөлдік ойын, миға шабуыл, топтық шешім қабылдау, жеке кеңес беру.
Кезеңдері (уақыт) | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті | Ресурстар |
Кіріспе 3 минут | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Ырғақтан жаңылма» би қимылдарын ырғаққа байланысты жасауын сұраймын. Топтарға бөлу Конфеттер арқылы топқа бөлу. | Музыка ырғағына сәйкес би қимылдарын жасайды. Конфеттердің формасына қарай (үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы) үш топқа бөлінеді. | Конфеттер Фигуралар Интерактивті тақта |
Негізгі бөлім 5 минут 2 минут | Миға шабуыл «Пілдің суретін жылдам сал». Талқылау сұрақтары: Суреттерді салыстырып, бір-біріне ұқсамайтындығы туралы әңгіме жүргіземін. -Сіздердің салған суреттеріңіз әдемі-ақ, бірақ әрқайсыңыздың салған суреттеріңіз түрліше болып шықты. Неліктен? Қалай ойлайсыздар? - Суреттердің түрліше болу себебін дәлелдеңіздер. Қорытындылау: Әрбір бала жеке тұлға. Оларға берілген нұсқау бірдей болғанымен, тапсырманың орындалуы әртүрлі. Себебеі, әр баланың қабылдауы, қабілеттері де әртүрлі. Түйін сөз: 📌Білім сапасы керек пе? Зерттеңіз. Оқытуда проблемалар көп пе? Зерттеңіз. Оқушылар мақсатты орындай алмайды ма? Зерттеңіз. | Пілдің суретін салады. Суреттердің түрліше болып шығуы туралы өз ойын білдіреді, мамандықтарымен байланыстырады. | Интерактивті тақта Слайд Пілдің суреті А 4 парағы Маркер Түрлі түсті қарындаштар |
25 минут | Тәжірибемен бөлісу 1.Зерттеу сұрағын анықтау жолдары: * Мұғалімнің бақылауы және жеке тәжірибесі * Сауалнама нәтижесі 2. Зерттеу нысаны: 4 сынып оқушылары 3. Зерттеу нысандары А - Өте білімқұмар, ізденімпаз, пысық, сабағын жақсы оқиды, өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. В- Біліп тұрса да өздігінен қол көтеріп сабақ айта қоймайды, өз ойын еркін жеткізе алмайды. С-Тіл мүкістігіне байланысты көпшілік ортасында сөз сөйлеуге ұялады, өз білімін көрсете алмайды. 4. Зерттеу сабағына қажет: 5. Практикалық тапсырма 6. Практикалық тапсырма «Рөлдік ойын» | Слайдтармен танысады Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды және жариялайды. Кері байланыс береді. Оқушы рөлін атқарады. | Слайдтар Тапсырмалар |
Қорытынды 5 минут | Кері байланыс «Адам бейнесі» Қағаздан адам бейнесін қайшысыз жасап, сол адам бейнесіне кері байланыс жазады. Бас-тақырып бойынша алған құнды ақпарат Қол-тәжірибеде қолданатын тұстарым Дене-тапсырма орындауда туындаған қиындықтар Аяқ-әлі де түсінбеген жерлерім | Кері байланыс береді | Кері байланыс |