Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
апрель
2022

Елеуова Гульмира Амангельдиевна

     №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Елеуова Г.А.

Коучинг жоспары

   Тақырыбы:  Білім беру үдерісінде  4К модулін қолдану   

   Мақсаты: 4К модулі сыни ойлауды, шығармашылықты, қарым-қатынасты және    

ынтымақтастықты өлшеу құралы екендігін түсіндіру;

   Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер 4К моделі туралы біледі;                                                                                        

Өз тәжірибелерінде орынды пайдалана алады;                                                                                                 

   Сабақ беру әдісін өзгертеді;

Коучтың іс - әрекеті

Қатысушылардың іс - әрекеті

Ресурс

1

Амандасу

Коуч шараға қатысушылармен амандасады.

«Сағат» ойынын ойнату арқылы ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау, топтастыру.

Тақтаға сағаттың суреті ілінеді, ал топтарға стикерлер таратылады. Ұстаздарға «Сіздің өз біліктілігіңізді арттыруға арналған ең қолайлы уақытыңыз?» деген сұрақ қойылады, әр мұғалім стикерге атын жазып, өзінің ұнатқан уақытына стикерді жабыстырады.Уақытты атаған кезде мұғалімдер топтасады да келесі әрекеттер жасайды:

8-12 (20-00) сағат аралығындағылар - амандасады, жақсы сөз, тілек айтады
12-16 (00-04) сағат аралығындағылар – құшақтасу,
16-20 (04-08) сағат аралығындағылар – арқа түйістіру

Топтар осы уақыт аралығы арқылы топтасып отырады.

Амандасады,ортаға шығып,тренингке қатысады..





Сергіту барысында топтарға бөлінеді





Сағат стикер

2

1.«Миға шабуыл» 

4К МОДУЛІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

2. Креативтілік -     (Шығармашылық немесе Креативность) – өзгермелі жағдайларда өзін сенімді ұстап, дәстүрлі емес шешімдерді қабылдай алуға, жағдаятты әр тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Шығармашылығы дамыған адам жасап шығарушы болып табылады. Ол басқа адамдардың бастамаларын дамытып, жетілдіре алады.  Қиындықтарды жеңу ол үшін  қызықты басқатырғышқа айналады.

Командалық жұмыс - (Ынтымақтастық) - кәсіби салаға қарасты құзыреттілікпен тығыз байланысты. Жалпы мақсатты және оған жету жолындағы рольдерді айқындай отырып, оның нәтижесін бағалай алу қабілеті.
 - 3 кезеңнен тұрады;
 1.Мақсат қою оған қол жеткізу;
 2.Бірлесіп жұмыс істеуге үйрету:
 3.Жалпы жауапкеншіліктерін дамыту;

Сын тұрғысынан ойлау
 Тек қана оқу үшін ғана емес, өмірде қажетті ойлау дағдыларын қалыптастыру;
 Сыни ойлау (Критическое мышление)— ақпараттар  ағынын бағдарлай алу  мүмкіндігі,  себеп-салдарлық байланыстарды көре алуы, қажетсіз  ақпараттарды електен өткізіп қорытындылауы.  Сәтсіздікке жолыққан жағдайда  шешім шығарып, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін түсінуі.

Коммуникативтік (Қарым-қатынас) - Қазіргі кезде  әрбір адам қоңырау шалынатын немесе хабарламалар тәулік бойы жеткізілетін қашықтықта орналасқан.  Келіссөздер жүргізу және байланыс орнату, әңгімелесушіні  тыңдау және өз көзқарасын жеткізу қабілеті өмірлік дағдыға айналады.

Ғылыми қоғамдастық қабылдаған 4К тұжырымдамасы, жан-жақты зерттеліп, апробациядан өтті, нәтижесінде көптеген білім беру стандарттарында кеңінен қолданыс таба бастады.  2010 жылы American Management Association өз зерттеулерінде  4K ұғымының өзектілігін растады. Теорияға тоқталсақ, 2016 жылы бүкіләлемдік экономикалық форум президенті Давос Клаус Шваб төртінші технологиялық революция басталды деп жариялаған болатын. Ол енді біз үшін барлық қызметті роботтар атқарады деген сөз. 2015 жылы 4 және 10 орында болған тұлғаның сыни ойлау мен шығармашылық дағдылары 2020 жылға қарай, ең қажетті үштіктің санына енді. Бұл икемділіктерді Soft Skills (икемді дағдылар, кәсіби құзыреттілік), ал оған қарсы Hard Skills — «қатаң» кәсіби дағдылар деп атау шешілген. Біздің елімізде білім беру саласының мамандары Давосстың алғашқы ондығын төрт негізгі дағды жүйесіне қысқартты, сосын оған «4К жүйесі» деген атау берді.  

 Сұраққа қатысты өз ойларын ортаға салады






Модуль туралы таныстырылым көреді.






















Теория туралы біледі









АКТ




Слайд





Сұрақ

3

Жұптық жұмыс

«Жалғанды тап»
 1. Алма, өрік, итмұрын жоғары сатыдағы өсімдіктер.
 2. Балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктер.
 3. Мүк төменгі сатыдағы өсімдік.

Жұппен жұмыс жасады

Тапсырма

4

Топтық жұмыс.

Әр берілген жағдайды оқи отырып, өз педагогикалық пайымдауыңыз бойынша көрсетілген нұсқаулықтың біреуін таңдайсыз. Егер берілген нұсқаудың ешқайсысына көңіліңіз толмаса, онда жетінші нұсқауға өзіңіз дұрыс деген ойыңызды білдіріңіз.
 Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң, оқушы сізге: «Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз», - деді. Сіз не деп жауап бересіз?
 1. «Сенің ісің мұғалімге үйрету емес, өзің оқуың керек».
 2. «Әрине, мен сендейлерге ештеңе үйрете алмаймын».
 3. «Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғаліммен оқуың керек шығар».
 4. «Шындығына келгенде, сенің оқығың келмейді».
 5. «Неге олай ойлайтыныңды білгім келеді».
 6. «Бұл туралы нақтырақ сөйлессек қайтеді? Мүмкін мен бір нәрсені дұрыс істемегендіктен сенде осындай ой туып отырған шығар?».

7. 


Топтық жұмыс жасайды. 


Тапсырма

5

Кері байланыс



Кері байланыс береді.

Кері байланыс


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив