Елеуова Гульмира Амангельдиевна
№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Г.Елеуова
Коучинг тақырыбы: «Жаңаша оқыту – жетістік көзі»
Мақсаты:
* Мұғалімдердің кәсіби дамуына мүмкіндік жасау, педагогикалық әдістемелік тәжірибелерімен бөлісу;
*Білім беруде жаңашылдыққа ұмтылыс жасай отырып, жаңаша оқытуды өзара талдау;
Күтілетін нәтиже:
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға, толық жағдай жасауға мүмкіндік беретінін түсінеді.
- Өз сыныптарында оқу мен оқытуды жетілдіреді, оқушылардың дамуы мен қалыптасуына жағдай жасау үшін кәсіби құзыреттіліктерін арттыру қажеттілігін түсінеді.
-Жаңаша әдіс - тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін талқылайды;
-Практикалық тұрғыда оқушылардың топтағы қарым - қатынасының маңызы жайлы ақпарат алады.
Ресурстар:
үлестірмелі қағаздар, А4 формат,қалам, маркерлер,т.б.
Кезеңдері (уақыт) | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті | Ресурстар |
Кіріспе 5 минут | Топтарға бөлу Квадрат – бұл фигураны таңдаған мұғалім төзімді, шыдамды. Мақсатқа біртіндеп жетеді, жеткенше тоқтамайды. Олар сапалы білім берушілер. Үшбұрыш – бұл фигураны таңдаған мұғалімдер атаққұмар, екі көзқарасты жандар. Олар өте күшті тұлға, қауіпті бәсекелес. Дөңгелек – өте мейірімді, елгезек, өздерін бақытты сезінеді, егерде өзінде де, басқада да бәрі жақсы болса. Олар ешкіммен сөз таластырмайды, келісіммен шешуге тырысады. | Квадрад, үшбұрыш, дөңгелек фигуралар арқылы үш топқа бөлінеді. | Фигуралар Интерактивті тақта |
Негізгі бөлім 5 минут | Коучингтің дәйексөзі: Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» Миға шабуыл Суреттер сөйлейді 1-тапсырма. Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан. 2-тапсырма. Оның болашағы да соншалықты жарқын шуағын төккен күн астына әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген 3- тапсырма. Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген. | Мұғалімдердің ықтимал жауаптары 1-тапсырма бойынша: «Ортасында қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік. Бұл бала алғаш дүниеге келгенде осы ақ қағаздай пәк, сол қағазға ата-анасымен бірге біздер, яғни ұстаздардың салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен салыстыруға болады». 2-тапсырма бойынша: «ұлты басқа болғанымен, бұл балалардың жан дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз оларға күн сәулесіндей, бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді». 3-тапсырма бойынша: «Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір кісі бар. Бұл мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанымен, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалып келеді...» | Суреттер Интерактивті тақта |
10 минут | Сұрақ: -Жаңаша оқыту дегенді қалай түсінесіздер? Өткен коучингте белсенді әдіс тәсілдер туралы айтқан болатынбыз. Енді кері байланысқа тоқталамыз. | Мұғалімдер сұраққа қатысты пікірлерін айтады. Мұғалімдердің ықтимал жауаптары: *Белсенді әдіс тәсілдер қолдану * Кері байланыс беру\алу | Кері байланыс түрлері |
Қорытынды 5 минут | Үйретуге де, үйренуге де асық бол! Бір ғұлама өзеннің қасында отырып күннің ыстығына шыдай алмай су ішкісі келген итті көреді. Бір қызығы: ит судың қасына келіп, су ішейін деп жатқанда,судан ішпей қашады. Сұрақ: Ит неге судан қашты? Осылай үш-төрт рет қайталанған соң, ғұлама,иттің судағы өзінің бейнесінен қорқып су ішпей қашатынын түсінеді. Ақырында,шөліне қарсы тұра алмай ит өзенге жүгіріп барып түседі де,судағы бейнесін көрмеген соң, шөлін қандырып су ішеді. Осы орайда ғұлама ой түйеді. Қандай? "Иттің осындай әрекетінен түсінгенім - бір адамның армандары арман болып қалуының басты себебі - адам ішіндегі қорқыныштарынан. Қорытындылау: Егер, ІШІМІЗДЕГІ ҚОРҚЫНЫШТЫ ЖЕҢЕ БІЛСЕК, қалаған мақсатымызға жете аламыз". Тағы ойланып,үйренген нәрсенің бұдан басқа екенін көреді. ҮЙРЕНГЕНІ-ғұламаның да бір иттен үйренері бар екені. Білгеніңізбен бөлісіңіз - басқа адамдардың үйренері бар шығар... Үйретуге де үйренуге де асық болыңыз, өйткені әр адамның міндетті түрде бір білгені айтар сөзі бар... | Мәтін | |
Кері байланыс 5 минут | Кері байланыс | Бүгінгі коучинг бойынша кері байланыс береді. | Кері байланыс парағы |
