Елеуова Гульмира Амангельдиевна "Жаңаша оқыту- жетістік көзі" коучингтің рефлексиялық есебі
№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Елеуова Гульмираның «Жаңаша оқыту-жетістік көзі» тақырыбында өткізген коучинг сабағының рефлексиялық есебі
Коучингтің мақсаты:
-Мұғалімдердің кәсіби дамуына мүмкіндік жасау, педагогикалық әдістемелік тәжірибелерімен бөлісу;
-Білім беру үдерісінде жаңашылдыққа ұмтылыс жасай отырып, жаңаша оқытуды өзара талдау;
Коучингте оқушылардың білім сапасын арттыруда жас маман мұғалімдердің тиімді кері байланыс беру/алуды тәжірибелеріне енгізуіне көмек көрсетуді жөн көрдім. Әріптестерімді фигуралар арқылы үш топқа бөлдім. Топ мүшелері сөздердің мағыналарына байланысты берілген сұрақтарды топ болып талқылап, постер дайындап, ойларын ортаға салды. Берілген сұрақтарды талқылауға қатысты. Жас мамандардың басым бөлігі өз тәжірибесінен ойларын, пікірлерін айтуға қысылады. Кейбірі ойын жүйелі жеткізе алмады. Бұған себеп көпшілік алдында өзін еркін ұстай алмауы, қысылып, ұялуы. Коучингте қорқынышты жеңе білу тренингінен кейін ойларының өзгергендігін айтты.
Мұғалімдерге ауызша және жазбаша кері байланыс түрлері өте ұнады.
Коучингтің нәтижесінде мұғалімдердің кері байланысты ұтымды беру/алу арқылы оқушы белсенділігін арттыруға болатынына, оқу сапасының көтерілуіне тікелей қатысы бар екендігіне көздері жетті. Маған әріптестерімнің коучингке қызығушылықпен қатысулары өте ұнады. Коучинг мұғалімнің іс-қызметін жетілдіріп оларға өз мүмкіндіктерін пайдалануға көмектеседі. Мұғалім өз білімін үнемі жетілдіріп тұрғанда ғана оқушылардың сұранысына, құрметіне ие болады. «Жаңа форматпен өткізілген сабақтар оқушылардың қызығушылығын тудыруда. Сондықтан да мен коучингтен алған әдіс-тәсілдерді, кері байланыс түрлерін сабақта ғана емес, сынып жиналысында, ата-аналар жиналысында, семинарларда, ашық сабақтарда пайдаланғым келеді» -деп мұғалімдер алғысын білдірді. Коучинг сабақтарының басты мақсаты - әріптестерді оқыту, сол арқылы оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың белсенділігін жетілдіру болып табылатындықтан біз алдағы оқу жылында бірлесе отырып мектепте коучинг сабақтарын өткізетін боламыз. Бұл бізді жаңа табыстарға жеткізеді деп сенемін.
