Елеуова Гульмира Амангельдиевна
Бөлімі: | Есептеудің тиімді әдістері |
Педагогтің аты-жөні: | Елеуова Г.А. |
Күні: | 12.04.2022 |
Сыныбы: 2А | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Өткенді бекіту |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 2.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану |
Сабақтың мақсаты: | Барлық оқушылар: қосудың ауыстырымдылық қасиетін біледі; Көптеген оқушылар: қосудың терімділік қасиетін қолдана алады; Кейбір оқушылар: есептеудің тиімді әдістерін қолдана алады; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы 10 мин. | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Сәлем, достым! (амандасады) Қалай жағдайың? (иықтарынан қағады) Қайда болдың? (құлақтарынан тартады) Мен сені сағындым (қолдарын жүректеріне қояды) Сен келдің (қолдарын жаяды) Жақсы болды (құшақтайды) Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру. «Жұбыңды тап» әдісі *Кез келген санды 0-ге көбейткенде нөлдің өзі шығады. *Кез келген санды 1-ге көбейткенде 1 шығады. *Қосылғыштардың орны ауысқанмен қосындының мәні өзгермейді. *Көбейткіштердің орны ауысқанмен көбейтіндінің мәні өзгермейді. *Шаршы-бұл барлық қабырғалары тең болатын тіктөртбұрыш. *Тіктөртбұрыш- бұл барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш. *2-ге бөлінетін сандар жұп сандар деп аталады. *2-ге бөлінбейтін сандар тақ сандар деп аталады *Бір санның екінші саннан неше есе артық немесе неше есе кем екенін білу үшін, көп санды аз санға бөлу керек. Топқа бөлу: қызыл, жасыл, күлгін. Сабақ мақсатымен таныстырамын. -Бүгін сендер өрнектердің мәнін табуды, әріпті және санды өрнектерді салыстыруды үйренесіңдер. | Өлеңнің мазмұнына қарай қимылдар жасайды. Анықтаманың жалғасын тауып, толықтырады және жұптарын табады. Қолдарындағы карточкалардың түсі арқылы үш топқа бөлініп отырады. Сабақ мақсатымен танысады. | «Тамаша! Керемет! Өте жақсы!» "От шашу» ҚБ 1-10 балл | Өлең шумағы Музыка АКТ Интерактивті тақта Слайдтар Анықтама жазылған карточкалар | |
Сабақтың ортасы 30 мин. | Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс «Тарсия» әдісі 1-мысал. Әлия мен Сырым математикалық ойын құрастырды. Жауапқа сәйкес суретті таңдап, оның нені білдіретінін айту керек. Ол үшін өрнектің мәнін есептеп ал. 14:2 =75*1 =5 2*4 =8 16:8 =2 18:3 = 6 36:9 =4 27:9 =34 : 4 = 1 2-мысал. Салыстыр. Топтық жұмыс. 1-топ: 65-(d+a+c) ? 65+(d+a+c) 20 * d+a ? 20:d+a d * a +6 ? d *a-6 12:6+a ? 12 * (6+a) (18+18):9 ? 18+18:9 (25+5):5 ? 25+5:5 3-топ: 28-14:7+9 ? (28-14):7+9 36:(4+5)+8 ? 36:4+5+8 d * a +6 ? d *a-6 3-есеп. Топтық жұмыс. Есептерге өрнектер жаз. Кері есептер құрастырып, оларды шығар. 1-топ: А) Оқушылар әрқайсысында 5-тен 6 қатар көшет отырғызды. Оқушылар барлығы неше көшет отырғызды? Әрқайсысында – 5 Қатар – 6 Барлығы - ? Шешуі: 5 * 6 = 30 (қ) Жауабы: барлығы 30 көшет 2-топ: Ә) 15 кг тыңайтқыш 5 қапшыққа тең бөлініп салынды. Әр қапшыққа неше кг тыңайтқыш салынды? Тыңайтқыш – 15 кг Тең бөлді – 5қ Әр қапшыққа -? Шешуі: 15 : 5 =3 (кг) Жауабы: 3 кг 3-топ: Кері есеп құрайды. Барлығы – 30 Қатар – 6 Әрқайсысында – ? Шешуі: 30 : 6 = 5 (к) Жауабы: әрқайсысында 5 көшет Cергіту жаттығуы «Тәуелсіз ел ұланы» әнін орындайды. 5-есеп. Жеке жұмыс. Өсімдік тұқымдары мен сүйегінің ұзындығын өлше. Әрқайсысынан 3 есе артық кесінділер сыз. 1-топ: шекілдеуіктің тұқымы мен сүйегінің ұзындығын өлшеп, әрқайсысынан 3 есе артық кесінділер сызады. 2-топ: өріктің тұқымы мен сүйегінің ұзындығын өлшеп, әрқайсысынан 3 есе артық кесінділер сызады. 3-топ: асқабақтың тұқымы мен сүйегінің ұзындығын өлшеп, әрқайсысынан 3 есе артық кесінділер сызады. Саралау тапсырмасы 1-тапсырма. Белгісіз санды тап. 20 + = 28 - 10 = 20 2-тапсырма. Өрнектердің мәнін тап. 3*3= 12:6= 3-тапсырма. Теңдеуді шеш. 45+ X = 60 Үйге: 4-мысал. 19-бет. | Қима қағаздарды өрнектердің мәнін таба отырып, құрастырады. Жауабын оқып, дұрыс/бұрыс тексереді. Суреттің нені білдіретінін әңгімелейді. Әріпті өрнектерді салыстырады. Тақтадағы жауаппен салыстыра отырып тексереді. Топтар бір бірін бағалайды. Есептің берілгенін оқиды. Шартын құрып, шешуін табады. Кері есеп құрастырады. Болған жұмыстарын тексереді. Би қимылдарын жасай отырып, хормен әнді орындайды. 1-топтағы балалар шекілдеуіктің, 2-топтағы балалар өріктің, 3-топтағы балалар асқабақтың дәні мен сүйегінің ұзындығын өлшейді және одан 3 есе артық кесінді сызады. Күнделіктеріне жазып алады. | Дескриптор -өрнектердің мәнін табады; -суреттердің нені білдіретінін әңгімелейді; Дескриптор -әріпті өрнектерді салыстырады; Дескриптор -есептің шартын құрады; -сұрағын жазады; -өрнек құрастырады; -өрнектің мәнін табады; -жауабын жа Дескриптор -өсімдік тұқымының ұзындығын анықтайды; -анықтаған өлшемнен 3 есе артық кесінді сызады; Жалпы-2 балл 1-тапсырма. Дескриптор -белгісіз қосылғышты анықтайды; -белгісіз азайғышты табады; Жалпы-2 балл 2-тапсырма. Дескриптор -көбейтіндінің мәнін табады; -бөліндінің мәнін табады; Жалпы-2 балл 3-тапсырма. Дескриптор -азайту амалын қолданады; -белгісіз қосылғышты табады; -жауабын жазады; -тексереді; Жалпы-4 балл | 2-сынып оқулығы Құмсағат «Тарсия» кестесі Дәптер Интерактивті тақта Слайд A4 Маркерлер Оқулық A4 Маркерлер Музыка Тапсырмалар | |
Сабақтың соңы. 5 мин. | Рефлексия -Бүгін не білдік? -Не жаңалық болды? -Қандай қиындық туындады? -Тағы не білгің келеді? | Оқушылар өздерінің тақырып бойынша оқып, зерделегенін сөйлемдер арқылы тұжырымдайды. | «Тамаша! Керемет! Өте жақсы! Талпын!» | Кері байланыс | |
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. | ||||
Қабілетті оқушыларға: Көбірек қолдауды қажет ететін оқушыларға: | |||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: | |||||