16
февраль
2022
"ӘЛЕМ-НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАР ТІЛІНДЕ!" Нарима Сапахова
"ӘЛЕМ-НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАР ТІЛІНДЕ!"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде математика пән бірлестігінің "ӘЛЕМ-НАҚТЫ ҒЫЛЫМДАР ТІЛІНДЕ!" тақырыбында апталық қорытындысы өткзілді. Математика пәні бірлестік жетекшісі Нарима Өмірзаққызы апталыққа белсене қатысқан оқушылар мен нәтижеге бағыттап жұмыс жасаған әріптестерін марапаттап, ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика, математика ғылымынсыз адамның өмір сүруі қиындыққа толы болатындығын, күнделікті өмірдегі қажеттіліктерді өтейтін заттарды, оның бағасын есептеу осының барлығы математикамен тікелей байланысты екенін, сондықтан да мектеп табалдырығын аттағаннан бастап математика пәнімен дос болуға, және осы пәнмен бірге болуға шақырды.
Апталық қорытындысы оқушылардың дайындаған концерттік бағдарламасымен ұласты. МАТЕМАТИКА ПӘН БІРЛЕСТІГІ ЖАРАЙСЫЗДАР!







