Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
август
2022

Әдістемелік нұсқау хат 2022-2023 оқу жылы

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Орыс тілі және әдебиеті» пән бірлестігінде «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатымен танысу отырысы өтті. Отырыс барысында бірлестік жетекшісі Г.Борыкбаева мұғалімдерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, бірлестіктің жас мұғалімі Ә.Салыхожаның пән бойынша біліктілік арттыру курсынан өткендігін айтып, курстан алған білімі мен 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатты талдады.
Бірлестік жетекшісі жаңа оқу жылының ерекшеліктері, білім мазмұны, оқыту процесі, тәрбие жұмысының ұйымдастырылу барысымен таныстырды. МЖМБС, үлгілік оқу жоспарларына енген өзгерістерді, цифрлық контент пен ресурстарды оқыту процесінде тиімді пайдалану және орыс тілі пәні бойынша енген өзгерістер мен ерекшеліктерді түсіндірді. Биылғы оқу жылынан бастап 1 сынып оқушыларына «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні оқытылмайтындығын, топтық оқытудың қысқартылғандығын атап өтті.
#Әдістемелік нұсқау хат 2022-2023 оқу жылы



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив