Шымкент қаласы білім басқармасының
«№62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 52-33-27
(8707) 622-77-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2022

«АУА РАЙЫН ҚАЛАЙ БОЛЖАЙМЫЗ?»

«АУА РАЙЫН ҚАЛАЙ БОЛЖАЙМЫЗ?»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тарих және география пәні бірлестігінің апталық жоспары аясында география пәні мұғалімі Меруерт Жайықбаева 7«Ә» сынып оқушыларымен Шымкент қаласы, Тассай мөлтек ауданында орналасқан «Казгидромет» метеостанциясына саяхат жасады. Экскурсия барысында метеостанция қызметкері Юлия Герц оқушыларды метрологиялық аспаптар орналасқан алаңмен таныстырып, ауа райын бақылау қызметінің қалай жұмыс жасап жатқанын, жауын-шашын мөлшерінің қалай өлшенетінін, желдің күші мен бағытының қалай анықталатынымен таныстырды. «Ауа райын қалай болжаймыз?» тақырыбында өткен сабақтың практикамен ұштасуына қолдау көрсеткен «Казгидромет» станциясына алғысымыз шексіз!!!









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив