26
сентябрь
2022
«Н.Төреқұлов қағидалары- оқыту үдерісінде» тақырыбындағы бастауыш сынып бірлестігінің апталық қорытындысы
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі күні «Н.Төреқұлов қағидалары- оқыту үдерісінде» тақырыбындағы бастауыш сынып бірлестігінің апталығын қорытындылап отырмыз.
Апталық барысында 4 сыныптар арасында Н.Төреқұлов мұражайына саяхат жасалып, ашық сабақтар өтіліп, квест жарыстары, эстафеталық жарыстар, оқырман конференциялары өтілді
1-жүргізуші
Биылғы жылы Нәзір атамыздың туылғанына 130 жылдық мерей тойын атап өтудеміз.Н.Төреқұлов -елші,қоғам қайраткері, тарихи тұлға, революционер,әдебиетші, сыншы, ақын, ғалым, шығыстанушы, саясаткер, журналист, Құранды жатқа білетін ірі дипломант екені баршамызға мәлім.
Олай болса ортамызға 4сынып оқушылары Нәзір атамыздың өмір белестері жайында өз білгендерін ортаға салмақ
1-оқушы:
Нәзір Төреқұлов 1892 жылы Коқандағы дәулетті отбасында дүниеге келді. Нәзір алғашқы білімді Қоқандағы жәдидтік бағыттағы медреседен (1904) алды. Нәзір медресе қабырғасында жүріп араб тілін үйренді. Құран сүрелерін жатқа біліп, Ислам негіздерін суша сімірді. Оның осы жерден алған білімі Ислам дінінің қасиетті қос қаласы орналасқан Сауд Арабиясында елші болып қызмет еткенде көмегі тиді.
2-оқушы:
Медреседе үш жыл оқығаннан кейін, басқа ұлт өкілдеріне арналған орыс училищесін (1906) және Қоқандағы коммерциялық училищені (1914) тәмамдады. Училищеде Нәзір экономика негіздерін, сауда байланыстарын меңгерді. Саясат ғылымдарының докторы, нәзіртанушы Тайыр Мансұровтың айтуынша, осы училище қабырғасында Нәзірдің қоғамдық-саяси көзқарасы қалыптасқан.
3-оқушы:
Н. Төреқұлов — ең алдымен революционер. Патша самодержавиесінің озбырлығына, бұратана елдерге жасаған қысастығына өштігі оны 1916 жылы Батыс майданына, қара жүмыста жүрген түркістандықтардың ортасына апарған.
Нәзір Ұлы Октябрь революциясын Торғай даласында қарсы алды. Бұдан былай большевиктер сапында қимыл жасайды.
4-оқушы: Н. Төреқүлов — коғам қайраткері, әдебиетші, сыншы, ақын. Ол ғалым. Ірі — дипломат.
Н. Төреқұлов қазақтан шыққан түңғыш кәсіби, білікті дипломат, елші болғандығын және оның есімі сол кезде, көзі тірісінде — ақ халықаралық деңгейде танылғандығын, жоғары бағаланғандығын бүгін үлкен мақтанышпен айтуға тиістіміз.
Н. Төреқұлов елшілік қызметін тез арада меңгеріп, жергілікті саяси қайраткерлермен, ірі саудагерлермен өзара сенімді қатынастар орната алды.
Н. Төреқұловтың ғұмыр белестері:
1892 жылы қазан. Түркістан қаласының іргесіндегі Қандөз ауылында дүниеге келді.
1900-1905 жж. Қоқандағы медреседе оқыған
1903-1905 жж. Қоқандағы орыс-үздіктер мектебінде оқиды.
1905-1914 жж. Қоқан сауда учелищесін оқып бітіреді.
1914-1916 жж. Мәскеудегі сауда институтының экономика факультетінде (3 курс) оқиды.
1917 ж шілде, 1918 ж наурыз. Торғай кеңестерінің оргоны-«Қазақ мұңы» газетінің бас редакторы.
1918-1919 жж. Ферғана облыс ревкомы төрағасының орынбасары
1920 ж 27 сәуір-21 қыркүйек. Түркістан Республикасының Халық ағарту комиссары.
1920-1922 жж. Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы
1923 ж. ақпан. Мәскеуден «Темірқазық» журналын шығарды.
1924 ж. Орынборда білімпаздар съезінде латын әліппесіне өту қажетігін баяандайды
1928 ж. Латын әліппесіне өту жөніндегі Орталық Комиссияның құрамына енеді.
1932-1936 жж. Тұрақты және өкілетті елшісі
1936-1937 жж. Мәскеу мен Ленинградтағы Шығыс халықтары институтының ғылыми қызметкері, оқу ісінің проректоры.
1937 ж. 15 шілде Тұтқынға алынды.
1937 ж. 3 қараша Ату жазасына кесіліп, үкім сол күні жүзеге асырылды.
1958 ж. 23 қантар. КСРО Әскери Коллегиясы жоғары
4Н-07430-57 шешімі бойынша біржола ақталады.
Хор: оқушылар орындайды “Мектебім-аяулы ана”
Қорытынды
Осылайша қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен XX ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған Н. Төреқұлов қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы әрқайсысының түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз. Ұлты үшін толассыз еңбек еткен есіл ерге туған жерінен топырақ та бұйырмады. Тек ақталып, есімі еліне қайтқанда ақын Мұхтар Шаханов:
Біздің елде заманында ғалам назар аударған,
Өзге түгіл өз ұлтынан шеттетілген Таулар бар.
Ол Тау сенсің – Нәзір аға, қазағымның нар Тауы,
Дәуірінің қасиеті, өр рухты арқауы.
Ортаймапты әлі сенің алғыр, асау дарының,
Талай елге шашсаң-дағы жүрегіңнің жарығын.
Қаншама жыл саған құйған азаматтық арынын,
Туған жерге оралғаның жақсы болған алыбым! – деп жыр арнап жатты. Арада қаншама жылдар өткенде Ресейде тұратын, бір ауыз қазақша білмей, қазақ жерін көрмей өскен қызы, ұрпағы Әнел ұлтының Нәзірді жоқтап жатқанын естіп, өзін әкесінің туған жеріне жерлеуді өсиет етіпті.


